Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның әуекомпаниясын вьетнамдық бірлестік сатып алды

Отандық “Qazaq Air” компаниясының акцияларын вьетнамдық консорциум сатып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: t.me/samrukkazynaofficial/6195?single

"Самұрық-Қазына" компаниясы "QAZAQ AIR" АҚ акцияларын сатып алу-сату бойынша инвесторлар консорциумымен келісімшартқа қол қойылғанын мәлімдеді. 

“Qazaq Air“ АҚ-ны бәсекелі ортаға беру аясында "Самұрық-Қазына" АҚ, "Central Asia Aviation Holdings Limited" консорциумы (вьетнамдық Sovico Group құрамына кіреді) және "Kazasia Holdings Limited" компаниясы арасында міндетті транзакциялық құжаттар пакетіне, соның ішінде сатып алу-сату келісімшартына қол қойылды”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Kazasia Holdings Limited – серіктестік орнату үшін және Qazaq Air-ды "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірлесіп басқару үшін Sovico Group ұсынған қазақстандық компания. 

“Келісімшарт талаптарына сәйкес, инвесторлар қызмет тиімділігін арттыру мен ұзақ мерзімді тұрақтылықты басты назарға ала отырып, Qazaq Air-дың стратегиялық трансформациясы мен дамуына ықпал етеді. Аталған шаралар аясында, алдағы бірнеше жылда Qazaq Air әуе паркін Boeing 737 Max 8 немесе Airbus A321 үлгісіндегі 20 ұшаққа дейін ұлғайту жоспарланды”, – деп мәлімдеді компания.

Компания осылайша, Qazaq Air активтерінің құнын едәуір арттырып, Орталық Азияның жетекші әуе компаниясы ретіндегі рөлін нығайтпақ.



Екі тарап жасаған мәміле жабық болып есептеледі. Компания акциялар барлық тараппен мақұлданған алдын ала шарттар орындалғаннан кейін ғана инвесторлардың меншігіне берілетінін ескертті.

Өткен жылдың күзінде Қарабаев Qazaq Air мен Ақтөбе әуежайын вьетнамдық SOVICO Group сатып алуы мүмкін екенін айтқан. Министр әуетасымалдаушының сметалық құнын 10 миллиард теңге деп атады. 2024 жылдың көктемінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуе компаниясының вьетнамдық инвесторларға сатылатынын растады.

2 миллиард теңге болатын транзакция сомасына қосымша инвестор Qazaq Air әуе компаниясының миллиардтаған долларлық қарызын өтеуге (2033 жылға дейін) және 50 Boeing және Airbus ұшағын сатып алуға міндеттелді. Тікелей инвестицияның жалпы көлемі 1 миллиард доллардан асуы керек. Бұл Qazaq Air-дің бәсекеге қабілетті және тартымды компания болуына мүмкіндік береді.

Qazaq Air әуе компаниясы 2015 жылы құрылған. 2022 жылы авиакомпания 6,6 миллиард теңге шығынға ұшыраған (өсім 2,1%). Qazaq Air табысы 2021 жылы 12,8 миллиард теңгемен салыстырғанда 20,4 миллиард теңге, EBITDA – 3,9 миллиард (0,5 млрд теңге) теңге болды. 

 

Талқылау