Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандағы атом ренессансы": Журналист Ақмарал Баталованың деректі фильмінің digital тұсаукесері өтті

ХХІ ғасырда Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Осы сәтте: “Неге біз бұл құнды ресурспен әлемді қамтамасыз етіп, әлі күнге дейін атом энергиясын өз еліміз бен халқымыздың игілігі үшін пайдаланбаймыз?” деген сұрақ туындайды. “SEZAR FILMS” командасы осы сұраққа жауап іздеп, Қазақстан бойынша және шетелде түсірілімдерге шықты. Олар түсірілім барысында еліміздің ең маңызды атом объектілерімен, сондай-ақ АЭС салынған және салынып жатқан елдермен танысты.

Команда Ақтауда әлемдегі бірінші жылдам нейтрондар реакторын көрді.

“Ядролық реакторларға отын өндіретін ерекше Ульбинск металлургиялық зауытында 5 сағат түсірілім өткіздік. Бізді Түркиядағы әлемдегі ең ірі атом құрылыс жобасы — Ақкуюды көруге шақырды. Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың және Алматыдағы Ядролық физика институтының мамандарымен таныстық. Кызылорда облысындағы кен орнына барып, уранды қалай өндіретінін өз көзімізбен көрдік. Сапарымыздың соңында Балхаш көлінің жағасындағы Үлкен ауылына бардық. Мұнда үлкен атом құрылыс жобасының басталуына үмітпен қарайтын тұрғындармен әңгімелестік. Сонымен қатар Қазақстандағы ядролық өнеркәсіп пен ғылымның қазіргі жағдайы туралы көптеген сарапшылармен сұхбат жүргіздік. Ең бастысы алдағы уақытта елімізді не күтіп тұрғаны туралы сұрадық”, – деді журналист.

Осы құнды деректерді жинақтай отырып, түсірілім тобы Қазақстандағы энергетика тарихын баяндаған фильм жасады. Фильмде энергетиканың дамуының бастапқы кезеңінен бүгінгі күнге дейінгі жолы көрсетілген.

Референдум қарсаңында фильмде елде энергетикалық дағдарыстың неге орын алып жатқанын объективті түрде талқылауға тырысқан. Сонымен қатар мына сауалдарға: “Қандай шаралар қабылдауымыз қажет? Ядролық электр станцияларын салудың баламалары бар ма? Қазақстанның атомға қайта оралуы халыққа не береді?” жауап ізделді.

Автор: Ақмарал Баталова

Сценарист, режиссер: Дмитрий Зимин

Қоюшы-оператор: Досан Болғанбаев

Продюсерлер: Айдар Баталов, Шолпан Жалімбетова

 

Талқылау