Қазақстанның алты облысында электр желісіндегі апатқа байланысты жарық өшті
Еліміздің бірден алты аймағында жарық өшті. Электр энергиясындағы тапшылыққа желідегі апат себеп болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апат салдарынан "Екібастұз-Ағадыр" электр желісі өшірілген. Қазір Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында электр энергиясына шектеу енгізілді.
"KEGOC" АҚ электр желісінің апатқа қарсы автоматикасы штатты режимде іске қосылып, Қазақстанның орталығы мен оңтүстігіндегі тұтынушыларда жарықтың толықтай сөнуінің алдын алды", – делінген хабарламада.
Қазір жарық сөндірілген тұтынушыларға электр энергиясын қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Желідегі зақымдарды анықтау және жөндеу үшін бригадалар жіберілген.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі