Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан шыққан үш адам АҚШ-та “ең қауіпті қылмыскерлер” тізіміне енді

Фото: dhs.gov

АҚШ-та Қазақстаннан шыққан үш адам “ең қауіпті қылмыскерлер” тізіміне кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік министрлігінің (Department of Homeland Security, DHS) мәліметінше, посткеңестік елдерден келген қылмыскерлердің антирейтингінде 27 украин, 18 ресейлік, 22 армениялық, 2 грузин және 2 беларус бар. Дегенмен, тізімдегі адамдардың басым бөлігі – Латын Америкасы елдерінің азаматтары. Мысалы, мәліметтер базасында мексикалықтардың саны бірнеше мыңға жетеді.

Фото: dhs.gov

АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі (DHS) елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі федералдық орган. Бұл министрлік шекараны бақылау, иммиграцияны реттеу, терроризммен және трансұлттық қылмыспен күрес сияқты жұмыстарды атқарады. Оның құрамына АҚШ иммиграция және кеден бақылау қызметі (U.S. Immigration and Customs Enforcement, ICE) кіреді. Иммиграция және кеден бақылау қызметі заңсыз жүрген немесе иммиграциялық заңдарды бұзған шетелдіктерді анықтау, ұстап, елден шығару жұмыстарын атқарады. Сондай-ақ ауыр қылмыстарға қатысы бар адамдармен айналысады.


"Ішін кесіп, 7 айлық шарананы алып қашқан": Жүкті әйел өзіне шабуылдаған қылмыскердің кесірінен сәбиінен айырылғанын айтты


"Жасанды интеллект емес, адамдардың өзі жасайды": Сенатта дипфейк авторларын қылмыскер ретінде жауапқа тарту ұсынылды


“Ең қауіпті қылмыскерлер” тізімі – Иммиграция және кеден бақылау қызметі жариялайтын есептер. Онда АҚШ территориясында заңсыз тұрған немесе тұру шарттарын бұзған ең қауіпті шетелдіктер туралы ақпарат жазылады. 

Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Қостанай облысында өртке оранған орман енді қылмыскерлердің әрекетінен зардап шеккені туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 11:08