Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстаннан 4 бала асырап алған америкалық отбасы қалай өмір сүруде

Осыдан 15 жыл бұрын америкалық отбасы Аслан, Зарина, Сергей, Рустем есімді Қазақстан балаларын асырап алған еді. Олар Түркияда орын алған апатты жағдайдан соң, өз балаларынан айырылып қалған екен.

20151202082157[1]

1999 жылдың 17 тамызында Джен мен Боб Килик бүкіл бір отбасынан айырылып қалған болатын. Бобтың анасы мен төрт бірдей баласы қыршын кеткен. 6 жасарДжеффри, 5-жасар Дженнифер, 2 жастағы Дэвид пен Кэти есімді егіз балалары бар еді. Тек 3 жастағы Натали есімді қыздары ғана аман қалған. Джен Килик ауыр халде жатып, әрең есін жинаған. Қайғылы жағдайдан соң, Джен балалардың көптігін аңсайды. Тек бір қызды асыраумен шектелгісі келмейді. Осыдан кейін бала асырап алуды ойлайды.

Әуелі олар жер сілкінісі кезінде жетім қалған балаларды асырап алғысы келген. Алйда құжат рәсімдеу кезінде қиындықтар туып, ол жақтан бала асырап ала алмайды. Қазақстаннан бала асырау кезінде балалар қазақ және орым тілінде сөйлейтін болып шықты. Асырап алушылар оларды өз қазақ аттарымен қалдыруға бел байлайды. Онсыз да жат жұрт арасында туған тіліндегі бір сөз естерінде жүрсін дегендері екен. 000 жылдың мамыр айында Килик қазақстандық 4 баланы еліне алып кетеді.

Киликтің айтуынша, балалар олардың қайғысын ұмытуға көмектескен. Олардың үйінде балалардың ойнауына, бассейнге түссуіне, сабақ оқуына бар жағдай жасалған екен. Оған дейін н соң оларда қуанышты жағдай орын алып, Джен тағы да бала көтереді. Бүгінде ол 11 жастағы бозбала. Бұл отбасы Атлантыда тұрады. Бірақ, жыл сайын Алғыс күнін Розмари Бичтегі ата-анасымен бірге өткізеді. Балалар да жаз сайын ата-әжелерінің қасында болады.

Үлкен балалары Аслан, Зарина, Сергей мектепте оқиды, колледжге түсу ойларында бар. Рүстем әлі 16 жаста. Үлкені Натали Алабамы университетінде оқиды. Аслан күреспен айналысады. Ол әскери-теңіз академиясымен келісімге отырған.Сергей Алабамы университетіне грантқа оқуға түсуді армандайды. Кенжесі Рүстем аспаздықпен айналысқысы келеді.

Балалар Отан туралы әр түрлі пікір айтады. Зарина ата-анасын тапқысы келеді. Аслан мен Рүстем Отанға келіп, өздерін алып кеткен жетімдер үйінде болғыс келеді. Ал, Сергей бәрінің өткен шақта қалғанын қалайды.

20151202082807[1]

20151202082812[1]

20151202082839[1]

20151202082821[1]

20151202082844[1]

 

20151202082827[1]20151202082816[1]

Талқылау