Қазақстанға заңсыз кірмек болған 10 шетелдік ұсталды

2025 жылғы 23 қарашада ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысының "Жайсаң" автокөлік өткізу пунктінде заңсыз көші-қон әрекетін тоқтатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жүк көлігін тексеру барысында шекаралық жасақ құрылыс материалдары арасында 10 шетелдік азаматты анықтады.
Қылмыстық кодекстің 24 және 394-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сай, өзге ақпарат жарияланбайды.
ҰҚК Шекара қызметі осындай құқық бұзушылықтар қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратынын атап өтіп, азаматтарды шекара арқылы заңсыз өту схемаларына қатыспауға шақырады.
Айта кетейік, бұған дейін Түркістан облысының шекара маңындағы аудандарында криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекеті әшкерелеген еді.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді