Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды

Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанға үшінші мемлекеттерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен барлық көлік түрімен тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды. Шектеу бір ай мерзімге енгізілді. Тиісті бұйрыққа ауыл шаруашылығы министрі қол қойды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, шектеу отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген.
“Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды”, – делінген министрлік хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін сауда комитетінің төрағасы әлеуметтік маңызы бар тауардың бағасын өсірген сатушыны өзі анықтағаны туралы жазған едік.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды