Қазақстанға көшіп келген америкалық қазақтарға бау-бақшаның қыр-сырын үйретуде
20 жыл бұрын Қазақстанға келген АҚШ азаматы Патрик Брэди Алматы облысында отбасын құрып, алма бағын өсірген деп «Астана» телеарнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Туған өлкесінен алшақта жүрген жылдары Патрик Брэди қазақ тілін үйреніп, өз кәсібін құрып, отбасын құрған. Қазір америкалық азамат алманың сирек кездесетін сұрпын өсіреді. Оның Алматы облысында жарты миллион ағаш өсіп тұрған үш бағы бар. 20 жыл ішінде Қазақстанда «америкалық қазақ» сәтті бизнес ашып тіпті қазақ тілін меңгеріп те алған.
«Бастапқыда 1998 жылы әйелім екеуіміз Қазақстанға келгенде Алматы облысындағы Байсейіт ауылында тұрдық. Біз ол кезде үйленбеген болатынбыз. Сосын біраз уақыт Есік пен Түргенде өмір сүрдік. Ол жақта бағбандар өзара қазақ тілінде сөйлесетін. Басында маған қиын болды. Бірақ бір-бірімізді түсіну үшін тіл үйренуім қажет екенін түсіндім. Ал, қазір тілді жақсы білемін»,- дейді Патрик Брэди.
Ол алмаларын ірілі-ұсақты фермерлерге сатады екен. Сондай-ақ, ағаш күтіміне байланысты бағбандарға кеңесші де болады.
Өсімдіктерге қалай қарауды білмейтіндерге өзі басынан бастап үйретеді. Фермерлердің айтуынша, Патриктің студенттерді тәжірибе бойынша үйрететін өзіндік жеке әдіснамасы бар көрінеді. Бағбан әр бір ағашты бала сияқты тәрбиелеп, олардан шаң-тозаңдарды алып, мәпелеп өсіреді.
Америкалық Қазақстанды Отаным деп есептейді. Тіпті өзіне екінші есім де алыпты. Достарының арасында өзін Жетібай деп атағанын қалайтын көрінеді. Бағбан өз балаларына қазақша есімдер берген: Әсия, Аманат және Ақжол. Америкалық азаматтығын әлі де ауыстырмағанына қарамастан еліне оралуды жоспарлап отырған жоқ. Жетібайдың арманы, болашақта Қазастанда ең жақсы алмалар өсуі үшін барынша көптеп шебер фермерлерді дайындап шығару.
Жіберіп алмаңыз:
Ең жас маскүнем: ШҚО-да алты жасар бала наркодиспансерде есепте тұр
Ақтөбедегі автобус өрті: Туыстары өрттен аман қалғандармен жолыға алмай отыр
Ақмола облысы тас жолында Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары бар автобус құтқарылды
Мен оны 22 жыл күттім: Астанада егде жастағы ер адам сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)