Басты жаңалықтар
Қазақстанға Корея, Таиланд, Үндістанға тікелей ұшатын лоукостерлер қосылады
Азаматтық авиация комитетінің басшысы Салтанат Томпиева биыл ел нарығына төрт жаңа шетелдік лоукостер шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Комитет басшысы компаниялар тізімін атады: корейлік T'way, Eastar Jet, үндістандық SpiceJet пен таиландық AirAsia X. Олар 22 әуе бағытын орындауды жоспарлап отыр.
Кейінірек Томпиева
- AirAsia X компаниясы Таиландтан Қазақстанға;
- T ' way мен Eastar Jet – Сеулден Алматы мен Астанаға;
- Пусаннан Алматыға рейстерді орындайтынын айтты.
"Олардың тарифтері бәсекеге қабілетті болады деп ойлаймыз. Бағалары төменірек болуы керек. Өйткені олар – арзан тасымалдаушылар. Сондай-ақ бізде Делиден Алматыға рейстерді орындайтын SpiceJet үнділік лоукостері бар. Рейстердің қашан басталатынына келcек, компаниялар өз кестелерін тапсырды, біз оны бекіттік. Оларды көктем-жаз мезгілінде, яғни биыл көктем-жаздан бастап шығарамыз", – деп түсіндірді Томпиева.
Талқылау

“Партизан болған, 400-ден астам жаралы сарбазды құтқарған”: Екінші дүниежүзілік соғыста ерлік көрсеткен қазақ қыздары кімдер
Әлия мен Мәншүк "Кеңес Одағының батыры", Хиуаз Доспанова "Халық қаһарманы атанды. Бірақ есімі еленбеген, ерлік танытқан қыздарымыз көп

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
Рецепиент Данияр 10 жасына келгенде ауруы асқынып, оттегі баллонын қолдануға мәжбүр болған