Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға киік мүйіздерін халықаралық саудаға шығару рұқсаты берілді

киіктердің мүйізіФото: ҰҚК

Қазақстан кірістерді биологиялық әртүрлілікті сақтау мен экожүйелерді қалпына келтіруге жұмсайтынын мәлімдеді. CITES ұйымы сайгак санын қалпына келтірген Қазақстанның жетістігін атап, халықаралық сауданы қайта бастауға рұқсат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің халықаралық саудасына қатысты Конвенция (CITES) Қазақстандағы киік мүйіздеріне қатысты нөлдік экспорт квотасын алып тастау туралы шешім қабылдады.

Экология министрлігінің мәліментінше, 5 желтоқсанда Самарқандағы Келісуші тараптар конференциясының ресми жабылу салтанатында CITES бас хатшысы Ивонн Игуэро Қазақстанның сайгакты сақтаудағы жетістіктерін атап өтіп, осы жетістік елге мүйіздермен халықаралық сауданы қайта бастауға мүмкіндік бергенін айтты.

"Жануар түрін қорғау бойынша жүйелі жұмыстардың арқасында Қазақстандағы сайгак саны тарихи минимумнан – 21 мыңнан 4 миллионнан астамға дейін өсті. Мұндай нәтиже осы түрдің ұзақ мерзімді тұрақтылығына сенім тудырады және тараптарға халықаралық сауданы сақтықпен, қатаң бақылаумен қайта бастауға келісуге мүмкіндік берді", – деді CITES бас хатшысы.

Экология министрлігінің мәліметінше, нөлдік квотаны алып тастау ұсынысы – тек қана қорғау моделінен ғылыми негізделген, тұрақты пайдалану моделіне өту кезеңі. Барлық пайдалану түрлері түр мен оның мекендеу ортасына қауіп төндірмейтін болады, соның ішінде тиімді бақылау жүйесі бар заңды сауда да қарастырылған.

"Қазақстан халықаралық саудадан түсетін кірістерді биологиялық әртүрлілікті сақтау, мониторинг жүргізу және экожүйелерді қалпына келтіруге бағыттау міндетін растайды", – деп атап өтті министрлік.

2025 жылғы маусымда Қазақстанда киік популяциясын реттеу туралы шешім қабылданған. Аңшылық ғылыми қорытындылар мен шаруалардың ұсыныстарына сүйеніп, егінді зақымдауға шағымданғанына байланысты жүргізілді. Қазір киік етін елдің тоғыз өңірінен, соның ішінде астанадан сатып алуға болады, бағасы – 2300 теңгеден басталады.


Ұлытау облысында үш мыңға жуық киіктің өлексесі табылды: облыс әкімі киік өліміне не себеп болғанын айтты


"Дұрыс бөлшектемей, шикі күйінде жеу өте қауіпті": Ақбөкен етін тұтыну қаншалықты қауіпсіз


Еске салайық, бұған дейін 2019 жылы 13 қаңтарда Қарағанды облысында “Охотзоопром” инспекторы Ерлан Нұрғалиев браконьерлерді қуамын деп қаза тапты. Оның әріптесі Петр Ницык ауыр жарақат алып, аман қалды. Браконьерлер заңсыз аң аулап, 17 ақбөкенді өлтірген, мемлекетке жалпы залал 45 миллион теңгеден асты. Қылмыскерлердің үшеуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, қалғандары алты жылға сотталды, сонымен қатар зардап шеккендер мен мемлекетке өтемақы төленді. Оқиға қоғамда резонанс туғызып, Қазақстандағы қорықшыларға қатысты заң күшейтіліп, олардың өміріне қастандық жасау үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.

Айым Атамбаева
Сенбі, 06 Желтоқсан, 2025 10:02