Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға келетін ресейлік туристер саны жеті есеге артты

Қазақстанда биыл ішкі туристер саны 6 млн адамнан асады деп күтілуде. Бұл туралы "Kazakh Tourism" АҚ Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Даниель Сержанұлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпаратқа" сілтеме жасап. 

"Елде енді ғана туристік маусым басталды. Биыл 6 миллионнан аса қазақстандық турист ел ішінде саяхат жасайды деген болжам бар. Бұл сан артуы да мүмкін. Біз көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып, туристерге қажетті жағдайды жасағымыз келеді. Әсіресе, жүйелі, ұйымдастырылған туризмді дамыту маңызды. Шетелдік туристердің де қалауын ескерген жөн. Елімізге Ресей мен ТМД елдерінен қонақтар жиі келеді", - деді Даниель Сержанұлы.

Оның сөзінше, Қазақстан отандық туризмді дамытуда араб елдерінің тәжірибесіне сүйенеді. 



"Биыл былтырмен салыстырғанда Ресейден келген туристер саны жеті есеге артты. Бұл көрсеткіш тағы артуы мүмкін. Себебі бұл күндері Омбыда, Новосибирскіде, Екатеринбургта, Санкт-Петербург пен Мәскеуде қазақстандық туризмнің таныстырылуы өтіп жатыр. Қазірдің өзінде көрші елден шоп-турмен келуде", - деп атап өтті спикер.

Талқылау