AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан саяхат пен туризмнің дамуы бойынша әлемдік рейтингте көтерілді

Дүниежүзілік экономикалық форумның саяхат және туризмді дамыту индексінің (Travel&Tourism Development Index 2021 – TTDI) жаһандық рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

шарын

Әлемдік рейтингте көшбасшы орынға Жапония (1 орын, +3), АҚШ (2 орын, +3) шықты. Алғашқы бестікке Испания, Франция, Германия сияқты елдер де енген.

Қазақстан бұл рейтингте 2019 жылы 80-ші орыннан (140 мемлекет арасында) көтеріліп, 66-шы орынға (117 мемлекет арасында) орналасты. Қазақстаннан жоғары Грузия (44 орын), Армения (61 орын) және Әзербайжан (63 орын), рейтингте төмен Черногория (67 орын), Марокко (71 орын), Моңғолия (84 орын), Қырғызстан (90 орын) сияқты елдер орналасқан. Рейтингке Өзбекстан, Ресей, Украина, Беларусь және басқа да бірқатар ел кірмеген. 

TTDI 2021 – бұл 15 жыл бұрын TTCI (Travel&Tourism Competitiveness Index) атауымен шыққан Дүниежүзілік экономикалық форумның жаңа флагмандық индексі. Жаңартылған рейтинг бес индекстен, 17 негізгі көрсеткіштен (+3 жаңа) және әртүрлі негізгі көрсеткіштер бойынша бөлінген 112 жеке көрсеткіштен тұрады. 2021 жылғы рейтингте 2019 жылмен салыстырғанда 23 ел кірмей қалған. 

Қазақстан рейтингте "бағалық бәсекеге қабілеттілік" (1-орын), "халықаралық келулердің маусымдылығы" (26-орын), "табиғи ресурстар" (33-орын), "мәдени көрікті жерлерге қызығушылық" (37-орын), "ЮНЕСКО Дүниежүзілік Мәдени мұра объектілерінің саны" (42-орын), "шетелдік туристердің елде болу ұзақтығы" (52 орын) сияқты индекстер мен көрсеткіштер бойынша жоғары позицияларды иеленді. 

Бұдан басқа, "туризм саласының басымдылығы" бойынша оң динамика байқалады. Ал "бизнес орта" (-23, 90 орын), "қауіпсіздік" (-12, 77 орын) және "денсаулық және гигиена" (-4, 33 орын) сияқты көрсеткіштердің төмендеуі байқалады. Бағаланатын көрсеткіштердің жиынтығы 2019 жылмен салыстырғанда ішінара өзгергенін атап өткен жөн. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр