Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға ғашық болған американдық кәсіпкер АҚШ-тан 40 турист алып келмекші

Американдық Дэвид Валера әзірлеген арнайы экскурсия бойынша АҚШ-тан 40 турист келеді. Дэвид Валера – американдық бизнесмен, ол өз отандастарын Қазақстанның мәдениеті және салт-дәстүрімен таныстырғысы келеді. Қазақстан халқын қонақжай деп санайтын кәсіпкер, туристік сапары арқылы американдықтардың  қазақ елі туралы пікірін өзгертуге ниетті.

Қазақстанға ғашық болған американдық кәсіпкер АҚШ-тан 40 турист алып келмекші

Бұл туралы Хабар 24 телеарнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Барлығы Қазақстанды неге сонша жақсы көресің, бұл сапардың не қажеті бар деп сұрайды. Бұл сұрақтың жауабы өте қарапайым. Мен 60-тан астам елді араладым. Бірақ бәрінен де Қазақстан халқы ерекше мейірімді, қонақжай. Американдық ретінде айтатын болсам, біз тек бір тілде ғана сөйлеп жетістікке жететін әлемдегі жалғыз елміз. Ал Қазақстан сияқты ел тұрғындары екі, үш, төрт, тіпті бес тілде сөйлей алатын білімді әрі табысты халық жоқ. Олар көптеген мәдениетті бойына сіңірген қонақжай ел», – дейді кәсіпкер.

Қазақстанға АҚШ-тан алғашқы туристер 17 шілдеде келеді.

«Біздің жобамыздың ерекшелігі біз бірінші кезекте ақша табуға тырысатын туристік компаниялар секілді жұмыс жасамаймыз. Осы жоба қазақстандық отбасылардың қатысуымен жүзеге асады. Себебі, американдықтар туристер қонақ үйде емес, осындай отбасыларда тоқтайды. Мысалы, олар қазақ тойларының қонақтары болады, яғни жергілікті мәдениетке терең енеді», – деп түсіндірді Валера.

Американдық кәсіпкер 13-тен 17 жас аралығындағы оқушылармен жұмыс істейтін компаниямен де ынтымақтастықта. Дэвид Валера сондай-ақ, американдық студенттерді Қазақстанға алып келіп, соның ішінде волонтерлік бағдарламаға қатыстыру мүмкіндігі туралы ойластырды. Ол осы жолмен студенттердің Қазақстанның мәдениеті мен көрнекті жерлерін көріп қана қоймай, ағылшын тілін үйрететін волонтерлер болатынын жоспарлады.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да 5 жасар бүлдіршінді ұлттық бюро қызметкері судан аман алып қалды

Атыраулық балықшылар салмағы 100 келі болатын бекірені ауға түсірді

Танымал дәстүрлі әнші Аяз Бетбаев дүниеден озды

Қырғыз автобусына шабуыл жасау оқиғасы: Оқ тиген адам Ресей азаматы болып шықты

 

Талқылау