Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға анасын іздеп Испаниядан келген жігіт елден кетті

Желтоқсан айының басында Қазақстанға туған анасын іздеп келген Эдди Жан елден кетті. Оны 2004 жылы бельгиялық отбасы асырап алып кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Instagram @muratsaveliev

Ол Instagram парақшасындағы жазбасында Қазақстанға келіп, мейірімді адамдармен танысқанына қуанышты екенін жеткізді.

"Өздеріңіздей қонақжай, мейірімді халықпен танысуға мүмкіндік бергендеріңіз үшін және қолдау танытқандарыңыз үшін мың алғыс! Мен Қазақстанның әр ұлына, қызына, анасына, әкесіне тәнтімін және ризамын! Достар, менің визамның уақыты аяқталды, туған жерден кетуім керек, бірақ мен жақында ораламын. Мен туған анамды іздеу жұмысын тоқтатпаймын", - деді ол. 



Сонымен қатар Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабарының редакциясына өзінің атымнан сот отырысына қатысуға, өзіне қатысты кез келген мәліметке қол жеткізуге, өзінің атыннан арыз, өтініш, шағым жазуға заң бойынша толық рұқсат бергенін хабарлады.

"Қазақстанға келгелі қаншалықты эмоционалды күйде болғанымды көрдіңіздер, мен үшін тым ауыр күндер болды. Нәтижесінде мен өзіме біраз уақыт бөлуді жөн көрдім, сондықтан Испанияға бірден қайтпаймын, бірер күн Тайландта боламын. Ойымды жинақтап, демалып алғым келеді. Әзірге көп мәліметті аша алмаймын, бірақ бұл оқиға мен күткеннен де қиын сияқты... Қазақ радиосының "Бармысың, бауырым?" хабары арқылы 2002 жылғы қаңтарда Арқалық қаласының перзентханасына ұлын тастап, қолхат жазып кеткен, архивтік ресми құжаттар негізінде менің туған анам болып саналатын әйел табылды. Ол әйелге қазір редакция екінші рет ДНҚ сараптамасын жасап жатыр. Алда көп жаңалық болады деп сенемін. Қазақстаным, рахмет саған, туған ел! Ең бастысы, мен бұл сапарымда туған жерімді таптым, туған еліммен қауыштым, әр қазаққа бала, бауыр екенімді түсіндім. Бәріңізді жақсы көремін. Амандықта жүздесейік!", - деп жазды ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы ата-анасын іздеп Қазақстанға келгені туралы жазған едік. 

Бельгиялықтар асырап алған қазақ баласы өзінің биологиялық ата-анасын табуға көмек сұрайды. Испанияның Жәни есімді тұрғыны Қазақстанға анасы мен әкесін іздеп арнайы келіпті. 

Талқылау