Қазақстандағы жалған ақпаратпен күреске 4,5 миллион доллар бөлген: Трамптың баспасөз хатшысы Байденнің әкімшілігін айыптады
Ақүй экс-президент Джо Байденнің қаражатты қайда жұмсағанын халыққа жайып салды. Трамптың баспасөз хатшысы Каролин Левитт бұрынғы президенттің әкімшілігі Қазақстандағы жалған ақпаратпен күрес үшін қомақты қаражат бөлгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин/Каролин Левитт
Брифинг барысында Каролин Левитт Джо Байденнің әкімшілігінің “ақымақтыққа салынып” Гватемалада жыныс ауыстыру үшін 2 миллион доллар бөлгенін айтты. Сондай-ақ оның сөзінше, АҚШ Байденің кезінде Ирактағы “Сезам көшесі” шоуына және Қазақстандағы жалған ақпаратпен күрес үшін миллиондаған қаржы бөлген.
“Иракта жаңа шоу жасау үшін 20 миллион доллар, Қазақстандағы “жалған ақпаратпен күрес” үшін 4,5 миллион доллар қаражат бөлінген. Онымен қомай, Мысырдағы туризмді қаржыландыруға тағы 6 миллион доллар бөлген”, – дейді Трамптың баспасөз хатшысы.
Каролин Левитт ақшаның Қазақстандағы қандай жалған ақпарат үшін күреске бөлінгенін нақтыламады.
“Қазақстанға 2 млрд доллар бөлген”: Сарапшылар USAID-ке қатысты тәуелсіз тергеу жүргізуді сұрады
Сондай-ақ ол Джо Байден қаражат бөлген елдің тізімі мұнымен бітпейтінін және ол тізімді журналистердің қолына беретінін айтты.
Еске салсақ, мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстанда шетелден қаржыландырылатын тұлғалардың тізілімінің бар екенін еске салды. Агенттік америкалық USAID ұйымы төңірегіндегі дау және оның Қазақстанға ықтимал ықпалы туралы талқылауларға байланысты мәлімдеме жасаған.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік