Қазақстандықтардың маусым айындағы орташа жалақысы 131 769 теңгені құраған
2016 жылдың маусым айында бір қазақстандықтың орташа есеппен алғанда бір айлық жалақысы 131 769 теңгені құраған. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Сурет alau.kz
2016 жылдың мамыр айында орташа жалақы құны 133 991 теңге болған еді. Мамыр айында халықтың орташа жиынтық табыс көлемі 69 913 теңге болып, өткен жылдың мамыр айына қарағанда 5,6 пайызға жоғарылаған. Аталған уақыт ішінде нақты ақшалай табыс көлемі 9,5 пайызға төмендеген.
2016 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша жұмыссыздардың саны 438,7 мың адам. Жұмыссыздар экономикалық белсенді халықтың 4,9 пайызы. Ал жұмыспен қамту органдарында тіркеуде тұрған жұмыссыз азаматтар осы айда 68,5 мың адамға жеткен.
Талқылау