Қазақстандықтардың зейнетақысы қаншаға өседі?
2018 жылы1 шілдеден бастап базалық зейнетақы мөлшері өзгереді, деп хабарлайды Қазақпарат.
“Қазіргі уақытта зейнеткерлер 15 274 теңгенің базалық зейнетақысын алып жатыр. Ал 1 шілдеден бастап 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі де, одан кейінгі зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу көрсеткіші де ескеріледі», – деді Жақыпова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
Есеп бойынша бүгінде 2,1 млн зейнеткердің 46 пайызы базалық зейнетақының жоғары мөлшерін алуда. Ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 процентін құрайды.
«Оның мөлшері – 28 284 теңге. Демек, қазіргі 15 274 теңгенің базалық зейнетақысы 28 284 теңгеге дейін артатын болады», – деп атап көрсетті Жақыпова.
Тағы да оқыңыз:
Қарағандыдағы оқушы өлімінің себебі: 7-сынып оқушысы селфи жасамақ болып абайсызда көз жұмған (фото)
Павлодарда ата-аналар балабақшаның асханасынан шіріген тамақ пен тышқан нәжісін тапқан
Ақтөбелік қызметкерлер 8 жылдан бері әжейге азаматтық бермей, қайта тұрмысқа шығу керектігін айтқан