Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жануарларды циркте пайдаланбау бастамасына үн қосты

Қазақстандықтар халықаралық “Жануарларсыз цирк үшін” акциясын қолдап, Астана мен Алматыда цирк нөмірлерін жануарлардың қатысуынсыз ету жөнінде пикет жасады.

1515

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

17 сәуір күні халықаралық цирк күніне орай Ресей мен алыс-жақын шет елдерде де осындай акция өткізілген. Белсенділердің айтуынша, әрине циркте жануарлардың қатысуымен болған нөмірлер күлкі сыйлайды. Бірақ, жасырын камералар мен жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде олардың жағдайы мүлде басқаша екендігі анықталған.

“Бұл жылы Қазақстанда акция алғаш рет өткізіліп отыр. Алматыда балалар бар, біз Астанадамыз. Бізде бұл жерде акция өткізуге рұқсат бермеді, бірақ біз парақшалар таратып пикет жасадық. Бұл 17 сәуір күні “Мега” сауда орталығының жанында өткіздік. Біз халыққа ақпараттың жеткенін қалаймыз”, – дейді белсенді Илья Науменко.

Белсенділер астаналық цирк жанында пикетті жалғастыра түсуді жоспарлап отыр. Олар бұл әрекеттері арқылы заң тұрғысынан тыйым салатын құзіретке қол жеткізуді қалайды.

“Өркениетті елдер цирктерде жануарлардың пайдалануына тыйым салып жатыр. Олар бір жапырақ нан үшін велосипедпен жүріп, кедергілерден секіреді. Олар бұл әрекетті жануарларды 95 пайыз ашықтыру арқылы жасайды. Бар өмірі торда өтеді. Зообақтар да сондай қатыгездік жасап отыр. Егер аң көргіңіз келсе қорықтарға барыңыз. Бірақ, оларда торда қамап ұстау бұл адамдық емес”, – дейді ол.

Қазірдің өзінде Ресейдің 50 қаласы осы бастамаға үн қосып жатыр. Одан бөлек Армения, Беларусь, Латвия, Украина, Эстония елдері де қолдау білдіруде.

Талқылау