Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар тойына шақырмаған Ернар Айдарға ренжіп жүр

Күні кеше Ернар Айдар үйіне келін түсіріп, әке-шешесін қуантқан болатын. Алайда әнші 600 адаммен қатар бөліскен қуанышын жұрттан жасыруды жөн көрген екен. Тіпті, әріптестеріне той туралы тіс жармауға өтініш білдірген. Әріптестері өтінішіне түсіністік танытса да, өздерін не себепті тойына шақырмағанын түсіне алмай жүр.

ernar-toy-090917

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды.

Аталған тойда қонақ болу мәртебесі бұйырмағандар қатарында Маржан Арапбаева, Айнұр Тұрсынбаева және Ринат Басит сынды жұлдыздар бар. “Өкінішке орай, мен ол тойға бармадым. Себебі, мені шақырмады. Ернар, сен мені шақырған жоқсың тойыңа. Әрине, қалжың. Оған ешқандай реніш болмауы керек деп ойлаймын. Меніңше, ол өнер мен өмірде ең жақын араласатын достарын ғана шақырды деп білемін”, – дейді Маржан Арапбаева.

Ал Айнұр Тұрсынбаева Ернар Айдармен етене жақын араласпайтынын айтып ақталды. “Ернармен сәлемдескенім болмаса, қатты жақын араласпайды екенмін. Бірақ, тойы болып жатқанын естіп жатырмын. Бақытты болсын. Қазақ өнерінің жарық жұлдызына айналып келе жатқан бала ғой”, – дейді ол.

Ал Ринат Басит бұл уақытта жұмыстарымен Қызылорда қаласында болған екен. Әншінің тойы туралы жаңалықты алғашқылардың бірі болып Абай Бегей бөліскен болатын. Артынша ол бұл жаңалықты өзінің инстаграм парақшасынан алып тастады. Мұның себебі де жоқ емес екен.

“Инстагармға салмай-ақ қойыңыздаршы дегендей өтініш білдірген болатын. Мен неге екенін білмеймін. Әркімнің өзінің түсінігі бар. Мен естіген кезде инстагрм парақшама салғанмын. Сол кезде де бәлкім әлі болмай жатқан болар деп алып тастағанмын. Бірақ, кеше тойына бардық, болдық, қуанышын бөлістік. Әркімнің құпиясы болады ғой. Бәлкім сондай бір себеппен салма деген шығар”, – дейді ол.

Ал әншінің жұлдызын жаққан сазгер Бауыржан Есебаев тойдың жасырын өтпегенін айтып, Ернар Айдарды қорғап қалуға тырысты. “Тойды беріп жатқан отбасы жақсы болса, олардың тойы да керемет өтеді. Қиындау отбасы болса, бір-екі сағаттан кейін адамдардың жартысы да қалмайды. Ал Ернар Айдардың тойы жасырын өтті деп айта алмаймын. Себебі, 600 адамға той беріп отырып оны жасырын деп қалай айтасыз?! Ол жасырынға жатпайды ғой. Егер жертөледе өткізіп жатса, жасырын деп айтуға болатын шығар”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Нұрлан Еспанов өнердегі інілерінің не себепті әйелдерін жасыратынын түсіндірді

Серікбол Сайлаубек: Балаларын тастайтын әншілерге ренжімеймін, тек аяймын

Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)

Талқылау