Қазақстандық жұлдыздар марқұм Шалқар Үркімбаевтың науқас қызына ақша жинауға шақырды
Марқұм актер Шалқар Үркімбаевтың келіншегі бұдан басқа амалы жоғын айтып, жұрттан көмек сұрады. Жалғыз қызына ота жасатуға қомақты қаржы керек болған екен. Әйелдің жанайқайын естіген жұлдыздар төмендегі жазбаны жарыса бөлісіп, желідегілер мен әріптестерінен көмек сұрап жатыр.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Ақсана Үркімбаева деген келіншек бар. Талантты актер, осыдан бірнеше жыл бұрын қайғылы жағдайда қайтыс болған Шалқар Үркімбаевтың жұбайы. Үш баламен қалды. Осыған дейін Құдай қосқан қосағынан айрылып қайғы жұтты. Одан өз денсаулығы сыр беріп, анау-мынау шыдас бермейтін сынақты өткізді басынан. Одан балаларымен далада қала жаздап, баспанасының (бір бөлмелі жатақхана) проблемасымен (үкіметтен көмек ретінде алып қалу үшін) бар өмірі өтті Ақсананың.
Енді бауыр еті баласы мынадай ауруға тап болып, елден ашық түрде көмек сұрап отыр. Өзге амалы да қалмаған. Уақыт аз, күн санаулы! Марқұм Шалқар мен Ақсананың көзі жəудіреген балапанына көп болып көмек созайық, репост жасайық, пост жазайық! Ақсана маған ешкім де емес, өмірімде бір рет көрмегенмін. Өзі телефон шалып өтінген соң, баспанасы туралы осында жазғанмын баяғыда. Қазір жазғанын оқып, жүрегім толқып кетті… Бір көмек керек болса, осы Ақсанаға керек! Кезінде Шалқармен араласқан қыз-жігіттер осындайда отбасының жанынан табылса екен дейсің! Əруағы риза болар, ең болмаса… ”
Жіберіп алмаңыз:
Алматылық рэпер әже: Маған Тимати мен Егор Крид ұнайды
Сәкен Майғазиев өзінің атынан несие алып сатқындық жасаған досы туралы айтты
Ерке Есмахан ұлын шемішке жарнамасына түсірді (фото)
Тыңдармандары Өмірқұл Айниязовтың келіншегінің ән салғанын естіп таңдай қақты (видео)