Қазақстандық жұлдыздар 100 мың теңгені қанша күнде құртатындарын айтты
Қазақстандық әншілер ақшаны қаншалықты жақсы үнемдей алатындарын және көбінесе не нәрсеге шығындалатындарын айтып берді. Арасында күніне 100 мың теңгеге дейін құртатын әншілер бар екен.
Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Stan.kz.
“Өзімді үнемшілмін деп айта алмаймын. 100 мың теңгені бес минуттың ішінде-ақ құртып жіберуге болады. Кейде осы ақшаны бір айға дейін жеткізуге болады. Яғни барлығы өзіңнің көңіл-күйіңе байланысты. Мен үшін аса қымбат жерді таңдап, тамақ ішу маңызды емес. Кішкентайымыздан әке-шешеміз берген нәрсені жеуге үйреткен. Ал жоқ болса, аш отыратынбыз. Сол себепті, тамақ талғамаймыз. Алдымызға келген астан бас тартпаймыз”, – дейді Дастан Оразбеков.
Әнші әрі актер Ринат Баситовтың отбасын құрғанына 10 жылдың жүзі болды. Ол бірінші кезекте отбасы үшін өмір сүретінін айтады.
“100 мың теңгені мен екі күннің ішінде құртамын. Кейде үш күнге жеткізуге болады. Жалпы күніне 30 мың теңге шығын шығады. Барлығы ақшаны қалай табатыныңа байланысты. Мүмкіндігінше үнемдеуге тырысамыз. Ең бастысы, харамға жұмсамай, берекелі іске бағыттаған дұрысырақ. Өмір болған соң, ақша жұмсамасқа амал жоқ. Көбінесе отбасын асырау үшін жұмсаймыз”, – дейді Ринат Баситов.
Шоу бизнес әлеміне жаңадан қосылған әнші Ғазизхан Шекербеков те ақшаны көп үнемдей бермейтінін айтып жатыр. “Ақшаны өте тез жаратып қоямын. Қалтамда жүрсе, міндетті түрде жұмсалып кетеді. Ертесінде үш күн жаяу жүруім мүмкін”, – дейді ол.
Ал актер Әділ Ахметов көбінесе туған-туыстары мен дос-жарандарына бола шығындалатынын айтып жатыр. “Аса үнемшіл емеспін. Алматыда туыстарымыз бен достарымыз өте көп. Аз уақыт ішінде көптеген өзгерістер болып, біреулер кішкентайлы болып жатады. Енді екіншілері мектеп бітіріп жатады Мысалы, Астанадан Алматыға келсек, бар ақшамыз соларға көрімдік берумен-ақ кетіп қалады”, – дейді ол.
Жұртқа аспандағы жұлдызды санатқан Абай Бегей ақша жинай алмайтын қасиеті туралы айтты. “Бір қасиетім – ашықпын. Қолымда ақша тұрмайды, шамам келгенше барлығына көмектесуге тырысамын. Неге екенін білмеймін, бірақ ақша жинай алмаймын”, – дейді ол.
Жіберіп алмаңыз:
Баян мен Тұрсынғали үйлену тойларына 1000 адам шақырмақ
Ән айтуды доғарыңдар: Көз жұмған бала жайлы хабарлама Нұртас Адамбайға маза берер емес
Димаштың 60 жастағы фанаты оны Америкадан арнайы іздеп келді
Тәуекелдің тағы бір қызбен сүйісіп тұрған суреті пайда болды