Қазақстандық және шетелдік жұлдыздардың аналары (фото)
Қазақстандық жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы өздерінің жақындарымен бірге түскен суреттерін бөліскенді ұнатады. Әсіресе, ата-аналарымен бірге түскен суреттерін. Осылайша, олар өздерін тәрбиелеп, осы күнге жеткізген жандарға алғыс айтқысы келсе керек. Stan.kz кезекті материалын анасынан аумай қалған жұлдыздарға арнайды.
Динара Сәтжанның анасы
Динара Сәтжан анасы Ақмаралға ұқсап өскен. Тележүргізушінің сәнді киім мен мәдени ортаға деген ықыласы анасынан берілген-ді. Бұған Ақмарал Сәтжанның инстаграм парақшасына кіру арқылы көз жеткізе аласыз.
Рано Омарованың анасы
Көңілді кештерді ұнатып, қызымен бірге сұлулық салонына жарыса баратын аналардың қатарында Гүлсім ханымда бар. Әншінің анасы психология саласында жұмыс істейді. Мұнымен қатар, инстаграм парақшасынан Гүлсім ханымның дінге берік адам екенін байқауға болады.
Мөлдір Әуелбекованың анасы
Әншінің анасын отандық бағдарламалар арқылы танимыз. Сұхбат барысында әншінің анасы өзінің ашықауыз, ақкөңіл екенін байқатты. Себебі, ол қызының жұрттан жасырып жүрген құпиясын жария етіп қойған-ды. Мұнымен қатар, Әуелбекова анасының өте сабырлы екенін, оған қатты ұқсағысы келетінін айтады.
Сиви Махмұдидың анасы
Анар ханым мен Сиви Махмұдидың жас аралығында бірнеше жыл ғана айырмашылық бардай көрінеді. Себебі, ол қызымен бірге сұлулық салондарына барып, көңілді кештерде бой көрсеткенді ұнатады. Ең бастысы, қыз баланың басты қаруы – сұлулығы екенін жақсы түсінеді.
Санданың анасы
Естеріңізде болса, жұрт Санданың анасының сұлулығына қызыққан-ды. Тіпті, оның қызына қарағанда, әлдеқайда жас көрінетінін айтқан болатын. Әнші анасының өзі секілді сауда орталықтарын аралап, киім алғанды ұнататынын айтып отырады.
Қайрат Нұртастың анасы
Ұлын халыққа танытамын деп жүріп өзі де көпшіліктің көзайымына айналған продюсерлердің бірі – Гүлзира Айдарбекова. Бүгінде продюсер ханымды кез келген шоу бизнеске қатысты той-жиынға шақырады. Ұлының атынан бірнеше кәсіп түрін ашып үлгерген. Енді жолдасы мен келінінің арманын орындауды мақсат тұтып жүр екен.
Қарлығаш Мұхамеджанованың анасы
Актриса – танымал композитор Төлеген Мұхамеджанов пен опера әншісі Нұржамал Үсенбаеваның қызы. Отбасында жалғыз қыз болса да, ата-анасы оны қатаң бақылауда ұстамайды екен. Ол, тіпті, сұхбаттарының бірінде ата-анасының өзінің қандай фильмдерге түсіп жатқанын да білмейтінін айтқан-ды.
Ерке Есмаханның анасы
Әншінің бұрынғы отбасына қатысты ақпарат интернет бетінде жетерлік. Ол танымал тележүргізуші Асхат Садырбайдың жұбайы болған. Бүгінде екеуіне ортақ Мүслім атты ұл бала бар. Десе де, ол өзі тәрбиеленген отбасына қатысты көп ақпарат бөлісе бермейді. Тек инстаграм парақшасында суреттерін жариялайды.
Асылхан Төлеповтың анасы
Видео сұхбаттардың бірінде актердің анасы өзінің ашық-жарқын мінезін байқатқан-ды. Сұлу әйел бүгінде үш баланың анасы атанып отыр.
Айқын Төлепбергеннің анасы
Әнші 30 жасына дейін отбасына қатысты ақпаратты жасырын ұстап келген-ді. Өткен жылы ата-анасын да, келіншегін де қалың жұртқа таныстырды. Ал анасы видео сұхбаттардың бірінде ұлының жеке өмірін жіті бақылап отыратынын айтып қалды.
Бүркіттің анасы
Әнші сұхбаттарының бірінде ата-анасының өзінің өнерге келуіне қарсы болғанын айтты. Десе де, бүгінде ата-анасы оны сүйсіне тыңдап, немерелеріне қуана-қуана қарайласады екен.
Айнұр Ілиясованың анасы
Актриса отбасылық өмірі туралы айтып, халыққа көп ашыла бермейді. Тек алғашқы сүйіктісінің той алдында қайтыс болып кеткені белгілі. Десе де, ол желі арқылы отбасылық суреттерін бөлісіп отырады.
Кәмшат Жолдыбаеваның анасы
Қыз баланың мінезі мен өзін-өзі ұстауына қарап, біз оның анасын танығандай боламыз. Себебі, нәзік жандылар көбінесе анасынан үлгі алады. Мысалы, Кәмшат Жолдыбаева өнерлі отбасында тәрбиеленген. Дәл қазір сіңлісі Алтынай да, бауыры да өнерде жүр. Ал оларды өнерге баулыған ата-аналары екен. Әсіресе, аналары оларға жастайынан би үйретіп, сахнада еркін қозғалуға машықтандырған. Яғни, Кәмшат Жолдыбаеваның биден сабақ берген ұстазы – туған анасы.
Тұрсынбек Қабатовтың анасы
Шоумен концерттерінің барлығында дерлік жұбайы мен анасын залдың алдыңғы қатарына отырғызып, гүл ұсынады. Жұбайы Мөлдір Қабатова анасы қайтыс болып кеткендіктен, енесін ерекше жақсы көреді екен. Үнемі түрлі, бағалы сыйлықтармен қуантатын-ды.
Тәуекел Мүслімнің анасы
Актердің ата-анасы бала күнінде ажырасып кеткен екен. Көпке дейін оны анасы жалғыз тәрбиелеген.
Сая Оразғалиеваның анасы
Бір қарағанда актрисаның ұлтын дөп басып айту қиын. Ал оған ерекше сұлулығы анасынан берілген.
Жұлдыз Өмірғалидің анасы
Өкінішке орай, әнші жуырда KeshYou тобының құрамынан шығып қалды. Десе де, ол өзіне қолдау көрсететін жандардың бар екенін желідегі суреттер арқылы байқатып жүреді.
Балжан Бидаштың анасы
KeshYou қыздарының отбасылары мен жеке өмірлеріне қатысты ақпараттар жоқтың қасы. Себебі, сұлулар тек продюсерлердің рұқсатымен сұхбат береді екен. Яғни тыйым салынған ақпараттарды бөлісуге келісім-шарт бойынша құқылары жоқ. Десе де, инстаграм желісі арқылы өздеріне ұнаған суреттерді бөлісуге оларға ешкім кедергі жасамайды.
Кенталдың анасы
Әнші сұхбаттары арқылы өзінің ерке ұл екенін байқатады. Ата-анасы да оны үйленуге асықтырып, мазасын алмайды. Кенталға жоғары білімді анасы ақыл-кеңестерімен жиі көмектеседі екен.
Дидар Кәденнің анасы
Лидия Кәденова Мұхтар Әуезов атындағы драмалық театрдың актрисасы. Ол – өз ісіне жан-тәнімен берілген актриса. Күйеуі қайтыс болғанды естісе де, сахнада тұрып өнер көрсеткен кезі болыпты.
Аша Матайдың анасы
Анасынан аумай қалған жұлдыздардың қатарында Аша Матай да бар. Бәтес Байлы – тігінші. Көпшілік отандық бағдарламалардың бірінен ол кісінің өзге сіңілдеріне ұқсамайтынын байқаған. Себебі, Баян Мақсатқызы мен Бағым Мұхитденова секілді өнерге аса ынтық емес. Өзі сабырлы әрі тұйық мінезді.
Айдана Меденованың анасы
Әнші өзінің анасына ұқсағысы келетінін үнемі айтып отырады. Жуырда ол алғаш рет жүрегіне жақын адамының суретін бөлісіп, оны туған күнімен құттықтады. Осылайша, анасын қатты сағынып жүргенін білдірді.
Белла мен Джиджи Хадид аналары Иоланда Хадидпен бірге
Белла мен Джиджи жастарына қарамастан, осы күнде әлемге танылып үлгерген модельдер. Олардың кімнің жолын қуғанын біз жақсы білеміз. Иоланда Хадид – бұрынғы голландиялық модель. Ол да 50 жасына қарамастан, әлі күнге дейін жігіт қауымының жүрегін жаулап келеді.
Майли Сайрус анасы Тиш Сайруспен бірге
Бір қарағанда Тиш Сайрусты Майлидің құрбысы деп ойлауға болады. Бар мәселе оның 50 жасында 20 жастағы бойжеткендей көрінуінде.
Агния Дитковските анасы Татьяна Лютаевамен бірге
Агния Дитковските анасының жолын қуған сұлулардың бірі. Татьяна Лютаева «Гардемариналар, алға!» атты фильмнің арқасында жұртқа танылған. Мұнымен қатар, көпшілік оны совет киноматографиясының секс-символы деп атаған. Қазірдің өзінде де оның сұлулығы көз тартады.
Ирина Шейк анасы Ольгой Шайхлисламовамен бірге
Топ-модель Ирина Шейк жуырда Instagram желісіне анасымен бірге түскен суретін жүктеді. Желі қолданушылары анасының ерекше сұлу екенін жарыса жазып жатты.
Кейт Хадсон анасы Голди Хоун
Кейт пен анасы бүгінде бір саланың мамандары. 70 жастағы Голди әлі күнге дейін көрермендер көзайымына айналып келеді.
Бейонсе анасы Тина Ноулзбен бірге
Бұл әйелдің суретіне қарап, оны екі баланың анасы деп айту қиын. Бірақ, бұл шындық. Сұлу әйел бүгінде 63 жаста.
Брэдли Купер анасы Глория Компаномен бірге
Голливудтық сері анасын жиі ертіп жүреді. Әсіресе, қызыл кілеммен жүріп өтетін фестивальдерге. Жігітке сұлулық анасынан берілген дерсің.
Хайди Клум анасы Эрна Клуммен бірге
Отбасылық дуэтке қарап Хайдиге сұлулықтың кімнен берілгенін анықтау қиын емес. Модельдің анасы бүгінде әлемге аты әйгілі стилист.
Джаред Лето анасы Констанс Летомен бірге
Джаред Лето 45, анасы 64 жаста. Ол екеуі жастық шақ элексирін ішіп алғандай.
Ким Кардашьян анасы Крис Дженнермен бірге
Крис Дженнер — Америкадағы ең танымал отбасының отанасы, кәсіпкер және 6 баланың анасы.
Нина Добрева анасы Михаэла Константинмен бірге
«Вампир күнделігі» телехикаясының актрисасы Нинаға сұлулық анасынан берілген. Мұнымен қатар, Михаэла қызына үнемі түрлі кеңестер беріп отырады екен.
Жіберіп алмаңыз:
Баян Есентаева бұрынғы күйеуіне махаббатсыз тұрмысқа шыққанын мойындады (видео)
Гүлзира Айдарбекова “Қайрат фонограммамен айтады” деп сынайтындарға жауап берді
Жаңа бейнебаян: Қайрат Нұртас сүйіктісінің көзіне шөп салды (видео)