Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Илья Ильин мен қазақстандық үш олимпиада чемпионы жарыстардан шеттетілді

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Халықаралық олимпиада комитетінің қайтара анализ жасауына байланысты, 2012 жылғы Лондон олимпиадасының нәтижелеріне қатысты допинг дауы туындағанын мәлімдеді.

ьтимс

Сурет prosportkz.kz

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Осылайша IWF допинг дауына байланысты қазақстандық спортшылардың сайыстарға қатысуын тоқтатты.

“Допинг қабылдады деп қазақстандық спортшылар – Светлана Подобедова, Мая Манеза, Илья Ильин, Зульфия Чиншанло күдікке ілінді”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тізімде ресейлік Апти Аухадов, әзербайжандық Боянка Костова, белорусиялық Дина Сазановец және Маринка Шкерманкова, украиналық Юлия Калина да бар.

“Халықаралық ауыр атлетика федерациясының ережесіне сәйкес, бұл спортшылардың қандай да бір ресми жарыстарға қатысуы уақытша шектеледі. Егер, спортшылардың допинг қабылдағаны дәлелденбейтін болса, онда іс жабылып, спорттық мансаптарын әрі қарай жалғастыра бермек”, – деген хабарламада.

Тағы да оқи отырыңыз:

Илья Ильин бастаған бір топ қазақстандық атлеттер антидопинг агенттігінің бақылауына алынды

Желіде Илья Ильинді қолдап жазылған ән танымалдылық жинауда (видео)

Пекин мен Лондон Олимпиадаларына қатысқан бес қазақстандық допинг күдігіне ілінді

Допинг қабылдады деп айыпталған үш зілтемірші спорттан шеттетілуі мүмкін

Талқылау