Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық студенттер әзірлеген жоба Ресей ғалымдарын таңғалдырды

Астаналық студенттер «Сколково» инновациялық орталығының ғалымдарына өздері әзірлеген қоғамдық көлікті пайдалануды жеңілдету жобасын көрсетті.

Қазақстандық студенттер әзірлеген жоба «Сколково» орталығының ғалымдарын таң қалдырды

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады, деп жазады  Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінің үш студенті хакетон жеңімпазы атанып, Сколковоға барып келді. Олар «Сколково» инновациялық орталығында автобус аялдамалары мен маршруттарының картасын жасауды автоматтандыратын MyStopBus «Astana LRT» жобасын ұсынды.

«Біз Астананың қоғамдық көлігі, оның қозғалыс бағыты, аялдамасы, атауы туралы ашық мәлімет алып отырамыз. Барлық ақпарат автоматты түрде өңделіп, шығу кезінде сызба сызылады. Бұрын бір картаны жасау үшін дизайнер  бір жарым сағат жұмыс істейтін. Енді ол компьютерде 10 секундтан аз уақыт ішінде жасалады», – деді әкімдік сайты жоба әзірлеушілерінің бірі Махмұд Галдың сөзін келтіріп.

Жоба «ақылды қала» концепциясын іске асыруға бағытталған Astana Innovatoins Challenge 2018-де ұсынылған ондаған басқа жұмыстардан іріктеліп алынды. Жобаның авторлары  Махмуд Галы, Мейірхан Есеев және Шаған Лесбек  Астана әкімінен арнайы грант алды. Оларға Мәскеудегі «Сколково» инновациялық орталығында тәжірибе алмасуға мүмкіндік берілді. Ресейлік ғалымдарды таңқалдырған студенттер қысқа мерзімді тренингтен өтіп, жобаны бағалауға мүмкіндік алды. Жаңа жүйе жақын арада Астана қаласына енгізілетін болады.

«Студенттер әзірлеген жоба шынымен қызықты. Біз Ресей Федерациясының қалалар әкімшілігіне бұл жобаны таныстырамыз. Егер жоба оларға ұнап жатса ол жаққа да енгіземіз. Бұл жоба ірі қалалардың қоғамдық көлік қатынасының алдында тұрған меселелерге жауап береді. Студенттер әзірлеген жоба өте қызықты және ерекше», – деп айтты «Сколково» орталығының жергілікті даму орталығының жетекшісі Александр Окунев.

Инновациялық әлеуметтік жобаларды жасауға бағытталған іске қосу марафоны әзірлеушілердің қызығушылығын тудырды. Бұл істің ұйымдастырушысы Астана әкімдігі және «Астана Innovations» АҚ.

Оқи отырыңыз:

Алматыда тұрғын үйлердің жеделсатысының жартысынан көбі талапқа сай емес

Сауда, ойын-сауық орындарындағы тексеріс: Еліміздегі 75 нысанның үшеуі ғана қауіпсіз болған

Қазақстанда бірнеше тағам құрамынан доңыз ДНҚ-сы табылды

Рулардың атымен аталатын ас мәзірі елді таңғалдырды

Талқылау