Қазақстандық мектептер латын қарпі бойынша білім беруге қашан көшеді?
Екі жылдан кейін қазақстандық бірінші сынып оқушылары латын қарпі бойынша білім ала бастайды.
Мектептердің латын қарпі бойынша білім беруге көшу туралы бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz.
Білім және ғылым министрлігінің аталған құжатына сәйкес, 2019-2025 жылдар аралығында жалпы орта білім беретін ұйымдардың мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
Латын қарпы бойынша білім беруге көшу жоспары:
- 0, 1-сыныптар – 2020 жыл;
- 0, 1 және 2-сыныптар – 2021 жыл;
- 0, 1, 2 және 3-сыныптар – 2022 жыл;
- 0, 1, 2, 3 және 4-сыныптар – 2023 жыл;
- 0, 1, 2, 3, 4 және 5-9-ыншы сыныптар – 2024 жыл;
- 0, 1, 2, 3, 4, 5-9 және 10,11-сыныптар – 2025 жыл.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің латын қарпіне аудару бойынша жоспар кестесі:
- 0-сынып (мектеп алды) – 2018 жыл;
- 1-сынып – 2019 жыл;
- 2-сынып – 2020 жыл;
- 3-сынып – 2021 жыл;
- 4-сынып – 2022 жыл;
- 5-9 сыныптар – 2023 жыл.
Қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептерге арналған барлық оқу пәндері бойынша, қазақ тілінде оқытпайтын мектептерге арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бойынша латын графикасы негізіндегі оқулықтарды қайта шығару кестесі:
- 0-сынып (мектеп алды) – 2019 жыл;
- 1-сынып – 2020 жыл;
- 2-сынып – 2021 жыл;
- 3-сынып – 2022 жыл;
- 4-сынып – 2023 жыл;
- 5-9 сыныптар – 2024 жыл;
- 10, 10-сыныптар – 2025 жыл.
Оқи отырыңыз:
Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінен аясуыз соққыға жығылған мұғалім табылды
Қостанай облысында құдықтан табылған сәбиді өз анасы өлтірген болуы мүмкін
Ақмола облысында танымал қазақ жазушысының үйі маскүнемдердің тұрағына айналған
3 жасар қыздың денесін тістеп тастап, мұрнын жұлып алған өгей әкесіне қатысты сот үкімі шықты