Қазақстандық келіншек тұрмыста болғанын бетіне басып қорлаған қайын жұрты туралы айтты
Қазақстандық келіншек бұрын тұрмыста болғанын бетіне басып қорлаған ата-енесі туралы айтып берді. Аселина ханым кетерінде қайын жұртын “Балаға зар болыңдар” деп қарғап кеткен екен. Араға бірнеше жыл салып атасы хабарласып, барлығы үшін кешірім сұрап жылаған. Осының барлығын басынан өткерген келіншек бумеранг заңының күшіне сенетінін айтып жатыр.
Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.
“2012 жылы өзімнің құрбыларыммен бірге Грецияға демалуға барғанмын. Қатты ауырып екі жыл төсек тартып жатқан жайым бар. Химиялық терапиядан өтіп, шашымды да алдырып тастағанмын. 17 жасымда Қарағанды қаласында бір жігітпен жүріп жүрдім. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін ол мені бірден алып қашып кетті. Көп ұзамай қызымыз дүниеге келіп, күйеуім қайтыс болды. Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында жол апатына түсіп көз жұмды. Осылайша 18 жасымда жесір қалып, ел қатарлы өмір сүруден қалдым. Екінші жолдасыма 21 жасымда тұрмысқа шықтым. Ата-енем “Баласы бар әйелді қайтесің?” дегендей ауыр сөздер айтты ұлына.
Күйеуім екеуіміз ғана бірге тұратынымызды айтып, ақыры үйлендік. Бірақ, тойдан кейін барлық туысқандар біздің үйде тұрып кетті. Сол үйде келін емес, құл болдым десем де болады. Күйеуіммен де сыйымыз жараспады. Көп ұзамай денсаулығым сыр беріп, олармен күресуге әлім жетпей кетті. Ақырында баламды алдым да кетіп қалдым. Кетпес бұрын енем маған қол көтерді. Бірінші рет тұрмыста болғанымды бетіме басты. “Отбасын құрмас бұрын сіздің ұлыңыз балам бар екенін білді. Оның алдында танысуға әке-шешеме барды” деп айттым. Енем 8 айлық ұлымды алып қалмақ болды. Мен шыдамай оларды ұрып жібердім. Мені әпкем мен жездем келген кезде ғана жіберді.
Ашуға беріліп “Құдайдың көзі бар! Балаға зар болыңдар” деп кеткен болатынмын. Араға бірнеше жыл салып атам хабарласты. “Сен бізді кешір! Сенен жақсы бізде келін болған жоқ” деді. Мен ол кісілерді баяғыда кешірген болатынмын. Тек сол сәтте ашуланып тұрып қатты айтып қойдым. Кәдімгідей қарғағанымды түсінемін. Бірақ, олар қызымды үйден қуып жіберіп, ұлымды жоғарыда ұстап отырды. Ал күйеуім менің өзімді кінәлады. Қазірдің өзінде “Біз сені сонша қинадық па?” деп дауыс көтеріп қоңырау шалады”, – дейді Аселина Батырбекова.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
8,5 миллионды құмар ойынға салып жіберген келіншек өзіне қол жұмсамақ болды
Қазақстандық ене екі келінін татуластыра алмай әлек болып жүргенін айтты
Қазақ жігіт өзін іздемейтін келіншегіне ренжіп жүр
28 жастағы қазақстандық келіншек күйеуінің көңілдестерінен әбден мезі болғанын айтты