Қазақстандық келіншек үшінші баласын тууына қарсы болған күйеуіне ренжулі
Қазақстандық келіншек іштегі мұңын бөлісті. Некелі жары оның үшінші баласын тууына қарсы болып отыр екен.
Бұл туралы «Әйел құпиясы» парақшасында жазылды.
Самал Үкібаева үшінші баласын тууына қарсы болып отырған күйеуінің әрекетін түсінбей әлек. Айтуынша, күйеуі бала басқа біреуден деп ойлайды. Бұған, тіпті, дәлелдері де бар екен.
«Қазір қатты қиналып отырмын. Тұрмысқа шыққаныма 5 жыл болды. Күйеуіммен үш жыл жүріп, сүйіп қосылдық. Аллаға шүкір, екі баламыз бар. Етеккірім келмеген соң, тест алып қарадым. Аяғым ауырлап қалған екен. Жолдасым жұмыс бабымен басқа қалаға кеткен болатын. Оны телефонмен қуантқым келді. Бірақ, одан мұндай жауап күтпедім. «Мен сұйықтықты ішіңе жіберген жоқпын. Басымды қатырма» деп ұрысты да, телефонды қоя салды. Жаман болып қалдым.
Өзімді көшеде арын сатып жүрген қыздардай сезіндім. Некелі жарымнан мұндай сөз естимін деп ойламадым. Оны 8 жыл ішінде тани алмаған екенмін. Көңілім қалды. Біреуге айтуға да ұят екен. Тілімді тістеп, жарылып кете жаздап отырмын. Жаңа хабарласып, «Алдырып таста! Тума!» деп айтты. Арым таза болғандықтан, әлгі сөздері жаныма батты. Ол менен күдіктенеді екен. Не істерімді білмей басым қатып отырмын. 8 жыл ішінде оны танып үлгермеген екенмін. Бұл туралы жақындарыма айтуға ұяламын. Хатты жеңілдегім келген соң жаздым», – дейді Самал Үкібаева.
Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.
Жіберіп алмаңыз:
Тұрмысқа шықпаған қыз: Отбасылы жігітке қатты бауыр басып қалдым
Қазақстандық ана ұлына мектептегі қысым туралы айтуға тыйым салған ұстазға наразы
Жүкті келіншек: Күйеуімнен басымнан ұрмауын жалынып сұраймын
Бойжеткен талаптары шектен тыс көбейген намазхан жігітінен құтыла алмай жүр