Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық каскадерлар Disney студиясы түсіретін фильмге қатысады

Дисней студиясының тағы бір анимациялық таспасы қайтадан өңделіп, ойын фильмі ретінде ұсынылатын болады. «Золушка», «Красавица и чудовище» мультсерилдарының өңделген нұсқасы жарыққа шыққаннан кейін, Дисней “Мулан” мультфильміне арналған туынды шығарады. Фильмде қазақстандық каскадерлар қатысады. Бұл туралы Жайдарбек Күнғұжинов өзінің Фейзбук парақшасында жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық каскадерлар Disney студиясы түсіретін фильмге қатысады

«Nomad Stunts» каскадерлік тобының жетекшісі Жайдарбек Кунғұжинов Фейзбук парақшасында Hollywoodreporter.com сайтындағы жаңалықты жариялады. Онда 2018 жылы түсіріледі деп жоспарланған танымал Disney мультфильмінің түсірілімі 2020 жылдың көктеміне ауысады делінген.

Айта кетейік, «Mулан» мультфильмін танымал Walt Disney Pictures студиясы 1998 жылдың 19 маусымында экранға шығарып, көрермендерге ұсынған. Бұл студия шығарған 36-шы толықметражды фильм. Фильм ортағасырлық Хуа Мулан атты қытай балладасына негізделген. Онда армия қатарына қосылған әйел туралы баяндалады.

Оқи отырыңыз:

Сан-Францискода таксист болып жұмыс істейтін ОҚО-ның жігіті белгілі миллионерді таңғалдырды

Баян Мақсатқызын көше ортасында “айналдырған” Тұрсын Алагөзов жұртты сүйсіндірді (видео)

“Ринголық” Батыр Байназаров “Аюмиде” өнер көрсеткен Әселді ұзатып алды (фото)

Кино үшін: Ерке Есмахан қасын қырып, шашын қиып тастады

Талқылау