Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалымдар медицинада жарақаттың орнын таңуға арналған желім жасап жатыр

Қазақстандық ғалымдар табиғи желімнің формуласын  жасап, оның синтетикалық құрамын дайындауда. Алдағы уқытта бұл желімді медицинада қолданып, хирургиялық жіптердің орнына пайдалануға болады.

38da9782de9f12c6f0e96f8bb738bac6

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Бірнеше жыл бұрын америкалық ғалымдар медицинада қолданып жүрген жіптің құрамын зерттеп көрген.

Желім ақуыздың үш түрінен жасалады. Ол жабысқан жердің қатты қимылдағанда да ашылып кетуіне жол бермейді.

b080bd86c784c7259c169a7dca6015ae

“Неге біздің өзімізге желім ойлап таппасқа? Ғалым Алексндр Шустов оның құрамын жасады. Бұл оңай жұмыс емес. Ақуызды биохимиялық жолмен тазалауға тура келді. Осылайша желім жасалды”, – дейді ҚР  БҒМ-ның «Биотехнология ұлттық орталығы» комитетінің бас директоры Ерлан Раманқұлов.

Шустов бұл жұмысты екі жыл жасады.

6de44dbfb2dee75e8207cd45c9678a61

«Біз сулы күйдеде де жабысуға мүмкіндік беретін желім жасадық. Оның қаттылығы жоғары. Біз қазір жасап жатқан технология әлемде әлі жоқ», – дейді Шустов.

Мамандар желімді стоматологияда да қолдануға болатынын айтты. Яғни, тісті не түбірін осы желіммен жабыстыруға болады. Желімнің тағы бір ерекшелігі ол тыртық қалдырмауға мүмкіндік береді.

Бұндай экспериментті корей мамандар да өз елінде жасап жатыр. Олар жануарларға зерттеу жүргізіп көрді.

Қазақстандық мамандар да алдымен жануарларға зерттеу жүргізіп көру керегін айтады. Ол үшін енді жарты жылдай уақыт керек.

Жобаның іске асуы үшін жылына 9,8 млн теңге қаражат жұмсалды. Екі жыл артта қалды.

Журналистер желімнің жұмысын тексеріп көріп, оны темір сызғызтарға жабыстырып көрді. Олар суға малынға болса да, тез арада жабысып қалды.

«Біз кірпішті де су толы шелекпен іліп қойдық. Бір апта тұрса да, еш жері ажырамады», – деп күледі қазақстандық ғалым.

Зерттеулерге қарсақ, мамандардың жұмысы өз нәтижесін берері анық. Отандық медицинадағы үлкен жаңалық алдағы күндері жемісін береді деп сенеміз.

Жіберіп алмаңыз:

Жол полициясы қызметкерлеріне алатаяқтың орнына жеңдіктер мен қолғаптар беріледі

Шымкентте әйелі мен баласына АИТВ (ВИЧ) ауруын әдейі жұқтырған отағасына сот үкім шығарды

Зерттеу: Адам аптасына 39 сағаттан артық жұмыс істемегені жөн

Талқылау