Қазақстандық блогер Қайрат Нұртасқа сахнаға шығып түкіруді ұсынды
Қазақстандық блогер Жанна Ахметова Қайрат Нұртастан көмек сұрады. Ахметованың айтуынша, еліміздегі миллиондаған адамның әдепсіздігін Қайрат Нұртас тоқтата алады.
Фото: Voxpopuli.kz
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше полицей формасын киген ер адамның көлікте отырып сыртқа қарай дәрет сындырған суреті жұртты шулатты. Көпшілік тәртіп сақшыларынан мұндай әрекетті күтпегендіктерін айтып жатты. Осыған орай, қазақстандық блогер Жанна Ахметова пікір білдірді. Ол мұндай әдепсіздікті тоқтатуға Қайрат Нұртастың қауқары жететінін айтып өтті.
“Кеше жөнсіз түкіру, көрінген жерге қоқыс тастау, тұрып жатқан қаланы ластау сынды тақырыпта тағы да сөз қозғадық. Осы тұста ойымыз бір жерден шықты. Бар айырмашылық кей адамның осы “шошқалармен” күресуінде, ал екіншілерінің мұндайға назар аудармауында. Олар құдды күлгін түсті көзілдірік киіп алғандай. Сөйлесіп отырған кезде Ерғали Адамбаев тамаша ұсыныс айтты. Мен бұл ұсынысқа екі қолымды көтере отырып келісемін! Бүгінгі таңда Қайрат – еліміздегі миллион адамның жүрегін жаулаған әнші. Оны жас қыздар ғана емес, егде жастағы әжелер мен аналар да сүйіп тыңдайды.
Ол қай қалаға барса да, концерттеріне көп адам жинайды. Осы қасиетінің арқасында Қайрат миллиондаған адамды қоршаған ортаны сүюге баули алады. Мынадай креативті көз алдыңызға елестетіп көріңізші: Қайрат Нұртас бір қолына ішімдіктің бөтелкесін алып, екінші қолымен темекі ұстап сахнаға шығады. Ал сахнада қоқыстар (перформанс) шашылып жатады. Әнші микрофонға жақындаған кезде жерге түкіріп жібереді. Қайрат өте тәрбиелі жігіт әрі жақсы актер! Оның қолынан келетініне мен сенімдімін.
Осы кезде жұрт оның бұл әдепсіздігін түсінбей қалады. Ал Қайрат өз кезегінде оларға “Жағымсыз көрініс қой, иә? Менің түрім де қорқынышты болып тұрған шығар? Бауырларым мен қарындастарым, қазақтар, туған жерімізді ластамайық, керісінше өмір жасымызды ұзартайықшы” деп айтады. Мұнымен қатар, отандық бағдарламалардың бірінде “Мен жерге түкірген қызға ешуақытта жоламайтын едім” деп айтса нұр үстіне нұр болар еді. Қайрат нар тәуекелге барып осылай жасаса, көптеген адамға ой салар еді. Бәлкім ол өзінің жастарға қаншалықты әсер ете алатынын да білмейтін шығар? Оған мұны сездірейікші. Қайратжан, мемлекетің үшін тағы да бір игі іс жасашы!”, – дейді блогер Жанна Ахметова.
Әзірге Қайрат Нұртастың бұл ұсыныстан қаншалықты хабардар екені белгісіз. Десе де, желі қолданушылары бұл ұсынысты толықтай қолдайтындарын жеткізді.
Жіберіп алмаңыз:
Ләйлә Сұлтанқызы өзін жұмыстан шығартпақ болған журналиске жауап берді
Шаш үлгісін өзгерткен Айқынды жұрт Пугачеваға ұқсатты (фото)
Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты
Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)