Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық бүлдіршіндер енді ел тарихын мультфильмдер арқылы танып біледі

Киелі, тарихи мекенді балаларға арналған туындылармен насихаттауды тұңғыш рет Отырар ауданы əкімдігі қолға алды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Тарихи жазбалар мен түрлі аңыз-əңгімелер, көне Отырардың мəңгілік бейнесі күні бүгінге дейін əдеби туындылар жəне кино саласы арқылы ұрпақ жадында сақталса, құнды деректер шоғыры бүлдіршіндер тілінде де жинақталды. Елбасы Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласы аясында “Туған жер” бағдарламасын жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысының 85 жылдығы жəне Отырардың отты ұлы Мұхтар Шахановтың 75 жылдығына орай тарту етілген “Көне құмыраның сыры”, “Отырар дастаны” анимациялық фильмі ежелгі қаланың ерекше тарихи жолын танытады.

Шахановтың “Отырар дастаны” шығармасы аясында жасалған анимациялық фильмде алты ай бойы Отырар қамалын ала алмаған Шыңғыс хан мен оның əскері, сатқындық пен жанқиярлық іс-əрекеттер, қарияның даналығы мен даралығы сынды көптеген оқиғалар 10 минут аясында бейнеленген. Фильмнің ерекшелігі мен құндылығы кейіпкерлер емес, бастан-аяқ Отырардың тумасы, ақиық ақын Мұхтар Шахановтың “Отырар дастаны” шығармасы оқылуымен көрсетіледі. Мəтінді əнші, актер Марат Оразметов оқып, əрбір сəтке рухты тебіреністер сыйлайды. Шығарма кейіпкерлері Шыңғыс хан, Шыңғыс ханның ұлы Шағатай, Отырар ханы, ақылды, ойшыл Қадырхан жəне сатқын Қараша мен сатқынның әкесі, ақылды, данышпан қария толғауы түпсіз ел өткенін қызықты əрі шытырман мəнмен бейнелеп, көрермен көзайымына айналды.

Ал “Көне құмыраның сыры” 10 минуттық анимациялық фильмінде екі кішкене қыздың жасырынбақ ойнап жүріп тауып алған көне құмырасы жəне Отырар тарихы сыр шертеді. Қасиетті Отырардың топырағы мен нағыз хас шебердің қолынан шыққан тарихи жәдігерге тіл бітіру арқылы қос қызды шахардың өткеніне серуендетіп, көне қаланың тарихымен таныстыру, Шыңғыс хан мен оның баласының Отырарды ала алмай жатқан сəттері фильмде айрықша көрініс тапқан. Қос фильмнің де құндылығы осында. Балаларға көрсетілім қуанышын сыйлай отырып, өткенін ұғыну, мұра қадірін сезіну, жəдігер жайын білу, болашаққа патриоттық сезіммен қарауға тəрбиелеу мазмұнды фильмнің басты нысанасы болып табылады.

“САҚ” киностудиясында жасалған анимациялық фильмдердің режиссері – Батырхан Дəуренбеков.
“Аталған фильмдерді жарыққа шығару тарих үшін де ерекше қолтаңба ретінде қаланды. Оған себеп, “Отырар дастаны” анимациялық фильмінде кейіпкерлердің дастан оқылымы аясында сөзсіз қимыл жасауы, туындылар ішінде ерекше жоба болғаны анық. Тарихи, киелі мекендерді осындай дүниелер арқылы насихаттау ұрпақтың өткеніне деген сауаты молайып, ұғынуына септігі мол. Фильм жарыққа шыққан соң көптеген көрермен алғыстарын білдіріп жатыр” – дейді, фильм режиссері.

Жуырда ғана Шымкент қаласындағы Отырар ауданы күндерінде “Шəмші əлемі” гүлзарында өткен “Туған жер – алтын бесігім” облыстық өнер фестивалі аясында тұсауы кесіліп, ең алғашқы көрсетілімі өткен қос фильм жұртшылықтың айрықша ықыласына бөленсе, қазіргі таңда, кішкене бүлдіршіндер мол мұралы тарихпен сусындауда. Өнер мен тарихқа бай киелі өңірдің тасқа қашалған қағидалы өткен ғұмыры, мəнді көрсетілімдері аудан əкімдігінің арнайы тапсырысымен алдағы уақытта да жалғасын таппақ.


Жіберіп алмаңыз:

66 жастағы зейнеткер бес жылы бойы туған немересін зорлап келген

Түркияда жантүршігерлік жол апатына түскен қазақстандықтар бүгін елге оралады

Министрлік университетке ақылы негізде түсетіндер үшін ҰБТ-ны алып тастауды ұсынды

Алматыда шіріп жатқан қарияға жедел жәрдем көмектеспей кетіп қалған

Талқылау