Қазақстандық әжей Ресей жерінде өз көлігінің астына түсіп көз жұмды
77 жастағы қазақстандық әжей Ресейдің Астрахань қаласында көз жұмды.
Жергілікті жаңалық агенттігінің хабарлауынша, 23 қаңтар күні муниципалдық күре жолдың 16-шақырымында «Жигули», «Газель» және «Chevrolet Lanos» маркалы автомобильдер соқтығысқан. Кейін көлік апатына түскендер жолдың шетінде өз машиналарының зақымданған жерлерін қарап тұрған.
Кенет жергілікті тұрғын мінген «Opel Astra» тоқтап тұрған машиналарға келіп соқтығысқан. Қатты соққыдан «Жигули» Қазақстан азаматшасына қарай ұшқан. Әйел шұғыл ауруханаға жеткізілді. Алайда, көп ұзамай көз жұмды. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жоғарғы сот алдында өзін өртеген әйел: Әділдік болмаса тағы да өзімді өлтірем
Елімізде әйелдер уақытылы зейнетке шыға алмайтын болды
Көмір үшін талас: Алматы облысының әкімдігі видеоға қатысты түсінік берді
Талқылау