Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел бір жасар ұлын Мәскеуде сатпақ болды

Қазақстандық әйел бір жасар ұлын Мәскеуде сатпақшы болды. 33 жастағы әйел желтоқсан айында Алматыда болған кезінде желіде хабарландыру қалдырған. Бала 2017 жылы дүниеге келген.

Бұл туралы Ресей тергеу комитетіне сілтеп Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

5 сәуір күні анасы мен баласы Мәскеуге келіп жеткен. Жедел қызметкерлер баланы сатып алушылардың рөлін «ойнаған». Әйел баладан бас тартатынын құжатқа жазып, ақшасын алу үшін Мәскеу банкіне жол тартқан. Сол жерде тәртіп сақшылары оны қолға түсірді.

“Тергеу барысында тергеушілер құқықтық көмек сұрап, Қазақстанға өтініш жібермек. Олар сәбидің биологиялық әкесін анықтамақ», – делінген хабарламада.

Ресейде туыстары болмағандықтан, қазіргі уақытта бала сәбилер үйінде.

Оқи отырыңыз: 

«Болашақ» стипендиясын тағайындау ережесі өзгерді

Баян Мақсатқызы лифтте көз жұмған тележүргізуші жайлы: Бізде әркім жауапты ісіне немқұрайлы қарайды

Маңғыстау облысындағы пышақталып өлген 16 жасар баланың анасы: Ұлыма мені өлді деп айтқан

Алматыдағы өрт: Байбек көпқабатты тұрғын үйді қалпына келтіруді тапсырды

Талқылау