Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ару “Ғаламшар аруы” байқауында ерекше костюмді таныстырды (видео)

“Ғаламшар аруы” байқауында қазақстандық Сабина Әзімбаева ерекше ұлттық костюмді таныстырды.

10 желтоқсанда Таиландта байқаудың барлық қатысушысы ерекше костюмдерін таныстырып көрсетті.

“Алматы аруы-2017” атанған 19 жастағы Сабина Әзімбаева өзін “Алтын адам” образында таныстырды. Костюмнің салмағы 30 келі тартады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

На “Мисс Вселенная” в Таиланде прошел конкурс национальных костюмов. ⠀ 19-летняя Сабина Азимбаева из Алматы предстала в образе царицы-воина. Костюм от дизайнера Камилы Бах весит 30 килограммов. ⠀ Как заявили представители казахстанской конкурсантки, наряд c крыльями “получил отличные отзывы”. ⠀ #missuniverse #миссвселенная #конкурскрасоты #таиланд #Thailand

Публикация от ZYN QALA Новости (@zynqalakz)

Сабина Әзімбаева 2000 жылы 14 ақпанда туған. “Тұран” колледжін “аударма және гид” мамандығы бойынша бітірді. “Ұйғыр аруы” байқауының жеңімпазы.

“Ғаламшар аруы” байқауы 26 қарашада басталды. Екі аптада 95 елдің қатысушысы фототүсірілім жасап, өзге де науқанға қатысып үлгерді. Байқаудың қорытынды кеші 17 желтоқсанда өтеді.

Қазақстандық қатысушының өкілі костюмнің жоғары бағаланғанын атады.

Бұған дейін Сабина байқауда көрсететін костюмді отандастарына таныстырған болатын. Костюм дизайнері Камила Бах образды қалай жасағанын айтты. Арудың ерекше костюмін ұнатпай, сынға алғандар да табылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау