Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әке балаларды психологқа емдетуге қарсы шықты

Бүгінде төрт бала тәрбиелеп отырған Ыбырайым Бабаев балаларды психологқа көрсетуге қарсы шықты.

ип

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

Ыбырайым Бабаев көп жыл бұрын құда баласы алып қашқан қызын қайтарып жұртты қайран қалдырған-ды. Бүгінде ол сүйіктісімен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр. Ол балаларды психолог маманға үйір қылудың еш қажеті жоқ екенін айтып отыр. Мұнымен қатар, отағасы бір кездері қарындасын суицидтен қалай құтқарып қалғаны туралы айтып берді.

“Меніңше, түймедей мәселені түйедей қылудың пайдасы жоқ. Баланың кішкене проблемасына бола психологқа жүгінбейік. Ал проблеманың үлкен немесе болмашы екенін анықтау үшін әр ата-ана өзі психолог болуы тиіс. Бүгінде екі қыз тәрбиелеп отырмын. Үлкені – 11, кішісі – 9 жаста. Әр бала әртүрлі жаратылады. Үлкен қызым тұйықтау. Көңілі құлазып келген кезде өзім міндетті түрде оны бақылап отырамын. Бірақ өзім тікелей байланысқа шықпай, анасын жіберемін. Анасына “Сен қыздармен сырласып отыр. Қандай жағдай болмасын, ішінде не бар екенін біліп отыр. Қолдау білдіруді ұмытпа” деп жиі айтамын.

Қарындасым 10-сынып оқып жүріп жаңа мектепке ауысып келген болатын. Мектепте оны бөлектеп, шашынан сүйреп, ұрған кездер де болған екен. Жұмыстан келсем, қарындасым бұрынғыдай емес, үнсіз отыр. Күнделікті күліп жүрген қыз ата-анамызды сағынып қалған шығар деп ойладым. Ақырындап шақырып, сөйлесе бастадым. Көзінен жас ытқып шығып, ішіндегі бар мұңын айтып берді. Осы арада психологқа жүгінбедік. Жұбайым мектепке барып, тәрбиешімен және жаңағы қарындасымды бөлектеп жүрген 3 қызбен сөйлесті. Психологиялық тұрғыдан сол кезде қарындасымның көңілін байқап қалғаныма разы боламын. Бәлкім мен де сол кезде “жұмыс-жұмыс” деп жүре бергенімде, көңілін аулап, мектеп директорына барып сол мәселені шешпегенімде, ол қыздың суицид жасамасына кім кепіл?! Сол оқиға маған үлкен сабақ болды. Қазір қыздарымнан бөлек, кішкене екі ұлым бар. Негізінен қыздарды аналары бақылап отырады. Өтпелі кезеңде бағыттап жіберсек, ертең өздерін алып кететіндеріне сенімдімін”, – дейді Ыбырайым Бабаев.

0эхзж

Алайда қазақстандық психолог Венера Тельжан Ыбырайым мырзаның пікірімен толықтай келіспейді. Ол көп жағдайда маманның дұрыс шешім таба білетінін айтып жатыр.

“Ыбрайым мырза, сіз өте дұрыс айтып отырсыз. Баланың көңіл-күйін үнемі бақылап отыруымыз керек. Алайда сіз секілді детальдарды байқай алмайтындар қаншама? Бала-шағасын асырау мақсатымен жүрген қыз-келіншектеріміз де көп. Олар сіздің жұбайыңыз секілді үйде отырмайды. Түзде еркекпен жарысып жүретін кездеріміз болады. Бізге тіпті 1-сынып оқушылары да келеді. Олар ата-аналарына “Мен неге қыз бала болып тумадым? Неге ер бала болдым?” деп сұрайды екен. Мұндай кезде ата-ана өз бетімен ешнәрсе істей алмайды. Бала үйінде агрессия көргендіктен, әртүрлі жағымсыз оймен жүреді. Шектен тыс еркелеп, молшылықта өскен балалар жаңа қоғамдық ортада өздерін алып жүре алмайды. Оларға үлкен көмек керек”, – дейді Венера ханым.

Тағы да бір қазақстандық психолог бала тәрбиесінде отбасының бірінші рөл атқаруы тиіс екенін тілге тиек етті.

“Баланың санасында “Мен өлемін. Өлген соң қайтадан дүниеге келемін” деген ақпарат бар. Шыны керек, балада осындай сұрақтар болған уақытта аңыз, ертегі және мультфильм арқылы сұрақтардың жауабын жеткізіп отыру қажет. Баланы суицидке итермелейтін тағы бір мәселе – отбасындағы кикілжің. Үшінші – отбасындағы қысым. Төртінші – тәуелділік белгілері. Тәуелділікті қанағаттандыру үшін ішімдікке салынып, анаша шеге бастайды. Осылайша миының бір бөлігі оқшауланып, бала аффективті суицидке бейім болады. Мұнымен қатар, суицид туралы ақпараттарды оқып, соған қызаға бастайды. Ал баланың ақпаратты тек бос уақыты болғандықтан іздейтіні белгілі. Әрине, күні-түні оқи беруге де болмайды. Бар болғаны бос уақытты дұрыс ұйымдастыруы тиіс. Бала тәрбиесінде отбасы бірінші орынды атқаруы керек. Соңғы кезде суицид бола қалса, “Неге мұғалім қарамады?”, “Неге психолог баламен жұмыс істемеді?” деген сұрақтар ғана қойылып жүр”, – дейді маман.


Жіберіп алмаңыз:

Семейлік оқушы қыздардың сүйісіп тұрған сәті елді шошытты (видео)

Жамбыл облысында тұрғын үй алдына бір жасар сәбиді хат жазып тастап кеткен 

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін


 

Талқылау