Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға жалған теңге сатып алу ұсынылып жатыр: Ұлттық банк ескерту жасады

Ұлттық банк жалған теңгенің таралуына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банктің мәліметінше, әлеуметтік желілерде қолдан жасалған банкноталарды сату туралы жарнамалар пайда болған. 

“Қазақстанның Ұлттық Банкі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған полиграфиялық өнімдер, нақтырақ айтқанда, қолдан жалған ұлттық валюта сату туралы жарнамалардың тарағанын ескертеді. Оның ішінде, мерейтойлық және "Сақ стилі" сериясындағы 10 000 теңгелік банкноталар бар”, – делінген хабарламада. 


"Жасанды интеллект арқылы дауысын өзгертіп, жақындарынан ақша сұрайды": Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады


Ұлттық банк банкноталарды қолдану кезінде ерекше сақтық танытып, олардың түпнұсқалығын тексеріп алуды ұсынады. Банк желідегі парақшасында Банкноталардың шынайылығын тексеру кезінде нелерге назар аудару қажет екені көрсетілген видео жариялады. 

“Күмәнді банкноталар, соның ішінде шын ақшаға ұқсас банкноталар байқасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. Ұлттық Банк қылмыстық кодекске сәйкес жалған ақша немесе бағалы қағаздарды жасау, сақтау, тасымалдау немесе өткізу қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салады”, – делінген ресми хабарламада. 

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк жаңа шыққан 10 мың теңгелік банкнотаны жалған ақшадан қалай айыруға болатынын түсіндірген еді. 

Талқылау