Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 100 пайызын жеке басқарушы компанияларға беруге рұқсат етілмек

Қазақстанда зейнетақы жинақтарын жеке басқаруға беру ережелерін өзгерту мүмкіндігі талқылануда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Нұржан Тұрсынханов мәлімдеді.
Бұған дейін салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының тек 50%-ын ғана жеке басқаруға бере алатын. Жаңа ереже бойынша барлық қаражатты, 100%-ға дейін жеке басқаруға аудару мүмкіндігі қарастырылады.
“Біздің ойымызша, қаражатты толықтай жеке басқаруға көшіруге мүмкіндік беру әлдеқайда орынды әрі тиімді”, – деді Тұрсынханов.
Қазақстанда 2028 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы өзгереді
"Өмір бойы төленеді": Қазақстанда зейнетақы жүйесіне өзгеріс енгізілмек
Сонымен қатар жеке басқарушы компанияларға көшу міндетті емес.
Зейнетақы активтерін басқаруға тек кәсіби әрі тұрақты инвестициялық басқарушы компаниялар ғана қол жеткізе алады.
"Мемлекет иелігінен шығару активтерді тиімді басқаруға және жалпы экономикаға оң әсер етеді", – деді агенттік төрағасының орынбасары.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу шегін көтеру ұсынылған еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан