Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға түнде баласы жылағаны үшін айыппұл салына ма: Полиция жауап берді

Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде түнде бала жылағаны үшін ата-аналарға айыппұл салынады деген ақпарат тарады. Абай облысының полиция департаменті бұл мәліметке қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Полиция бұл ақпараттың заңнаманы дұрыс түсінбегеннен туғанын айтты. Олардың мәліметінше, нәрестенің жылауы әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз бола алмайды. 

“"Әлеуметтік желіде тыныштықты бұзған адамға қатысты жауапкершілік жөніндегі заң нормасына байланысты түсіндірме қате таралған. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 437-бабында көзделген құқық бұзу фактіге тұрғын үйде немесе оның сыртында сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін шұғыл қажеттілікке жатпайтын, адамдардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін шулы әрекет жасаты. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тек жеке немесе заңды тұлғаның арызы негізінде ғана тексеру жүргізеді”, – делінген хабарламада. 

Полиция қызметкерлерінің тексеру жүргізуіне жеке немесе заңды тұлғалардың арызы себеп болған. Құқық қорғау органдары әрбір хабарламаны жеке қарап, құқық бұзушылықтың объективті және субъективті жақтары анықталғаннан кейін шара қолданылатынын айтты. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 10:53
Талқылау