Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға салынып жатқан вакцина халал ма: Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау вице министрі Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцинаның халал белгісіне қатысты жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифинг барысында Ерлан Қиясов халал белгісі туралы медициналық тұрғыда ешнәрсе айта алмайтынын жеткізді. Ол қазір вакцинаның халал, халал емес екеніне қарап отыратын уақыт жоқ деді. 

"Бұл сұраққа медициналық тұрғыдан жауап бере алмаймыз. Вакцина ислам дінін ұстанатын мемлекеттерде де қолданылып жатыр. Қазір бұл мәселеге мән беретін жағдайда емеспіз. Өйткені жағдай тым ауыр. Барынша халықты вакцинациялау қажет. Бұл медициналық термин емес. Біз вакцинаның тиімділігіне қарайтын боламыз", - дейді Қиясов. 

Оған қоса вице-министр Ажар Ғиният вакцинаның құрамын түсіндірді.

"Егер вакцинаның құрамы туралы айтатын болсақ, қазір салғызып жатқан ресейлік вакцина адамның бойындағы коронавирустық дененің өзінен жасалған", - дейді Ажар Ғиният. 

Талқылау