Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға микроқаржы ұйымдарымен келіспей қалғанда көмектесетін жаңа омбудсмен институты құрылды

Қазақстанда адамдарға микроқаржы ұйымдарымен келіспеушілік кезінде көмектесетін жаңа омбудсмен құрылды. Ол 21 желтоқсаннан бастап азаматтарға шағын несие беруші өсімқорлармен және коллекторлармен дауларды шешуге көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Омбудсменнің көмегіне тек заңды тұлғалар ғана жүгіне алады. Онда да тек іс сотқа жетпеген болса. Омбудсменнің шешімі міндетті түрде орындалады. Сондай-ақ қазақстандықтарға омбудсмен тегін қызмет көрсетеді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мекеме микроқаржы ұйымдары тарапынан заңнаманы сақтауды реттейтініне сенімді. Бүгінде Қазақстанда осындай 200-ден астам компания жұмыс істейді.

“Микроқаржы жөніндегі омбудсменнің негізгі мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету және даулы мәселелерді сотқа жеткізбей реттеуге көмектесу. Ол тәуелсіз арбитр ретінде әрекет етеді”, – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілі Ғаділбек Әкім.



Департамент өкілі микроқаржы жөніндегі омбудсменнің құзыретіне сотқа жіберілген немесе заңды күшіне енген сот актілері бар істер кірмейтінін атап өтті.

Бұған дейін Жоғарғы сот кейбір қазақстандықтардың несиесін кешіруді ұсынған еді.

Талқылау