Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға енді жол ережесін бұзатындардың бейнежазбасын алу тәртібі жеңілдетілді

Қазақстандық жүргізушілер бақылау камералары арқылы тіркелген жол қозғалысы ережелерін бұзушылардың бейнежазбаларын онлайн сұрата алады. Тегін сервисті алғаш рет Freedom Bank Бас Прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесіп іске қосты.

Бейнежазбаны алу үшін Freedom SuperApp қолданбасын ашып, "Сервистер" бөліміне өтіп, "Мемлекеттік қызметтерді" таңдау қажет.

фридом

Осыдан кейін "Айыппұлдар" бөліміне өтіп, "ЖСН бойынша айыппұлдарды" белгілеу керек. Жеке куәліктің деректері автоматты түрде толтырылады. Осыдан кейін пайдаланушыға айыппұлды төлеу және шағымдану қызметтері, сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзу сәтіндегі бейнежазбаны алуға өтінім беру қызметі қолжетімді болады.

фридом

Бейнематериалдарды ұсыну туралы өтінім биометриялық аутентификация және бір реттік құпиясөз арқылы расталады. Бірнеше минут ішінде телефонға құқық бұзушылықтың бейнежазбасы бар push-хабарлама келеді.

фридом

Ұзақтығы 10 секунд болатын бейнежазба Freedom SuperApp қолданбасында 14 күн бойы сақталады. Айта кетейік, әкімшілік құқық бұзушылық үшін айыппұл есептелген кезде пайдаланушыға автоматты түрде push-хабарлама жіберіледі.

фридом

“Жаңа сервисті іске қосу – өткен жылдың соңында жүзеге асырылған айыппұлдарға шағымдану қызметінің қисынды жалғасы. Бейнематериалдарға қол жеткізу жүргізушілер үшін бұл процесті мүмкіндігінше ашық және түсінікті етеді. Сонымен қатар, бұл құқықтық мәдениетті арттыру және қайталап ереже бұзудың алдын алу құралы. Осындай қызметтерді дамыту – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді пайдалануының ыңғайлылығын арттырудағы дәйекті қадам. Freedom Bank онлайн-форматта қолжетімді қызметтер тізімін кеңейте отырып, мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастығын жалғастыруды көздейді”, – дейді Freedom Bank директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.

Осыған дейін Freedom Bank айыппұлдарға шағымдану сервисін іске қосқанын естеріңізге саламыз. Банк қосымшасының пайдаланушылары бұл қызмет арқылы жылдамдықты асырғаны және басқа жол қозғалысы нормаларын және қоғамдық тәртіп ережелерін бұзғаны үшін салынған айыппұлдарға бірнеше батырма басу арқылы шағымдана алады. Freedom Bank бұл процесті цифрландырған алғашқы қаржы институты болды. 

25.06.2024 ж. берілген №1.1.108 банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған ҚНРДА лицензиясы

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 05 Наурыз, 2026 10:00