Қазақстандықтарға ЕАЭО елдерінен келген тауарларда болатын кодтардың мәні түсіндірілді
Бүгінде елімізде дүкен сөрелеріндегі тауарлардан түрлі таңбаны байқап жүрміз. Дегенмен бұл таңбалардың бәрін отандық “Naqty Onim” қосымшасымен сканерлеп анықтай алмаймыз. Себебі Қазақстанда бұл қосымша арқылы тек үш типті тауарлар: темекі, алкоголь және аяқкиім бақылауға алынады. Ал Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елдерінен келген тауарларды тексеру қажет болса, "Честный знак" қосымшасы қажет.
Мәселен, егер шырын немесе сүт өнімдерінің қаптамасында Ресейден шыққан Data Matrix коды болса, “Naqty Onim” қосымшасы "код табылмады" деген хабарламаны көрсетеді. Бұл Қазақстан мен Ресей арасындағы жүйе интеграциясы әзірге аяқкиімді қамтитынынан. Бүгінде тауар топтарының тізімін кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл тұтынушылардың бақылауын жеңілдетеді.
Қазір мемлекетаралық келісімдер жасасу да қаралып жатыр. Сонда екі қосымша арқылы бақылауға болатын категориялар тізімін кеңейтуге мүмкіндік болады. Жақын арада қазақстандықтар ЕАЭО елдерінен таңбасы бар өнімдерді Naqty Onim арқылы тексере алады. Ал ресейлік тұтынушылар Қазақстан тауарларын өз қосымшасында сканерлей алады.
Бұл процесс жүріп жатқан кезде, пайдаланушылар екі қосымшаны да жүктей алады. Себебі қазақстандықтар "Честный знак" арқылы Ресейден келген тауарларды тексерсе, ресейліктер Қазақстанның “Naqty Onim” қосымшасын пайдаланып, қазақстандық өнімдерді тексере алады.
Болашақта, тауарлардың бақылау жүйесінің интеграциясы аяқталған кезде бірнеше қосымшаны пайдаланудың қажеттілігі жойылады. Жүйелер синхрондалады және көп тауарларды қамтиды. Бұл тексеру процесін ыңғайлы әрі нақты ете түседі.
ЕАЭО елдері арасында таңбалау жүйелерінің интеграциясы — сауданың қауіпсіздігін және ашықтығын арттыру жолындағы маңызды қадам. Бұл тұтынушылардың тауарларға деген сенімін нығайтуға көмектеседі және елдер арасындағы сауданы тиімдірек етеді.