Қазақстандықтардың қызметі тоқтаған банктердегі ақшасы зейнетақы қорына аударылады

Енді қазақстандықтардың қызметі тоқтаған банктерде қалып қойған ақшасы зейнетақы қорына аударылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Депозиттерге кепілдік беру қоры қызметі тоқтаған банктерде қалып қойған ақшасы зейнетақы қорына аудару механизмін енгізді.
Деректерге сәйкес, бүгінде жабылып қалған банктердің клиенттеріне 114 миллиард теңгеден астам қаржы өтемақы түрінде қайтарылуы тиіс. Алайда 240 мыңнан астам азамат өз ақшасын алуға асықпайды. Олар өтініш те жолдамаған.
Қазақстанда карт-шоттарына шектеу қойылған резиденттер өз қаражатына еркін қол жеткізе алады
Іздеуі жоқ ақшаны сол адамдардың зейнетақы қорына жіберу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 270 мың қазақстандықтың жинағына жалпы 830 миллион теңге түскен.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі