Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтардың қандай ақша аударымдарына салық салынбайтыны белгілі болды

Қазақстандықтардың қандай ақша аударымдарына салық салынбайтыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphoto.com

Аудитор және салық бойынша консультанты Рабиям Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтардың қандай ақша аударымдарына салық салынбайтыны туралы ақпаратты бөлісті.

Серікбаева картаға түскен қаражаттың табыс болып саналмайтын немесе салық салудан босатылған барлық жағдайлар түсіндірілген кесте әзірледі. Сондай-ақ кестеде салық кодексінің тиісті баптарына сілтемелер де көрсетілген.

Маманның мәліметі бойынша, салық салуға жатпайтындар:

- жақын туыстар арасындағы аударымдар;

- жеке тұлғалардан келген қайтарымсыз аударымдар (сыйлықтар, көрімдік, қайырымдылық);

- өз көлігі мен пәтерін сатудан түскен қаражат (бір жылдан астам уақыт бойы меншікке ие болған жағдайда);

- тұлғаның өз есепшоттары мен депозиттері арасындағы аударымдар;

- алынған несие;

- жалақы;

- сақтандыру төлемдері және т.б.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда мобильді аударымдарды тексерудің ең төменгі шегі көтерілгені туралы жазған едік.

Талқылау