Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Иранда жүрген қазақстандықтарды төрт ел арқылы эвакуациялау жоспарланып отыр

Фото: unsplash

Қазақстанның Ирандағы елшілігі еліміздің азаматтарына ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Хабарламада Иран аумағынан шығу жолдары түсіндірілген.

“Иран әуе кеңістігінің жабылуына және әуе қатынасының уақытша тоқтатылуына байланысты Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерімен хабарласуларыңызды сұраймыз. Иран аумағынан Әзірбайжан, Армения, Түркия және Түрікменстанмен шектесетін құрлықтағы шекаралар арқылы шығу мәселесі пысықталады”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынған еді.  Содан кейін Израиль Иранға шабуыл жасады. АҚШ та Иранға қарсы әскери операция басталғанын мәлімдеді. Бұдан кейін Иран Израильге, Бахрейн, БАӘ-дегі АҚШ базасына шабуыл жасады.

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 01 Наурыз, 2026 09:20