Қазақстандықтардың аударымы күмәнді болса, ақша 5 күнге дейін ұсталып қалады
Фото: freepik.com
2026 жылдан бастап Қазақстандағы банктер, төлем ұйымдары және ұялы байланыс операторлары алаяқтық белгілері байқалған жағдайда қаржылық операцияларды бес жұмыс күніне дейін тоқтата алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазір бұғаттаудың ең ұзақ мерзімі – үш күн.
Өзгерістер 2025 жылғы 30 маусымда қол қойылған "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңға енгізілген түзетулерде көрсетілген. Жаңа редакцияға сәйкес, күмәнді транзакция анықталған жағдайда ұйым аударымды уақытша тоқтатып, клиенттен растайтын ақпаратты сұратуға құқылы. Егер пайдаланушы түсініктеме бермесе, шот немесе электронды әмиян мән-жайды анықтағанға дейін бұғатталуы мүмкін.
Егер операция қауіпсіз деп танылса, банк қаражатқа қолжетімділікті қалпына келтіреді. Ал егер транзакция расында алаяқтық әрекет болса, клиент туралы ақпарат құқық қорғау органдарына беріледі. Ал пайдаланушы күмәнді операциялардың арнайы базасына енгізіледі.
Талқылау