Қазақстандықтарды QR-код арқылы бақылап отырады: Денсаулық сақтау министрі түсіндірді
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QR-код енгізуге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алексей Цойдың сөзінше арнайы кодта барлық деректер жинақталып, адамның вирус жұқтырған-жұқтырмағанын, вакцинация жасалғаны туралы жазылады.
"Жеке иммундық мәртебесі туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізу үшін EgovMobile отандық мобильдік қосымшасын қосу жоспарланған, ол "Ашық" медициналық қосымшасымен біріктірілген. Онда медициналық ақпараттық жүйелердегі азаматтар бойынша, оның ішінде QR-код құралдары бойынша тексеруге ұсыну үшін коронавирусқа қарсы вакцинациядан өту туралы деректер жинақталады", - деді Алексей Цой Үкімет отырысында.
Еске салсақ, осыған дейін қазақстандықтар төрт түске бөлініп, кейбір ғимараттар мен мекемелерге QR-код арқылы кіргізілетіні туралы жазған болатынбыз.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті