Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарды несиенің шырмауынан шығару мүмкін бе? Экономист жауап берді

Кредиттік бюродағы кісінің несие тарихы күнделікті жаңартылып тұрса да, тұтынушыға несие бере ме, жоқ па қаржы ұйымының өзі шешеді. Жалпы, елді несиелік қарыздан қалай құтқаруға болады? Бұл туралы экономист Тимур Айсаутов айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

несие

“Кейбір азаматтар “несие беретін ұйымдардың бәрін жауып тастау керек, халыққа несие бермеу керек” деп айтуы мүмкін. Бұл тым қатты шешім болар еді. Соңғы кездері 15 минутта жеке куәліктегі деректерді енгізсең болғаны, несие бере салатын қаржылық ұйымдар бар.  Бұл да дұрыс емес. Ең дұрысы, орта жолды ұстану керек. Бір жақтан халықтың өзі қаржылық сауаттылығын арттыру керек. Екінші жақтан мемлекет онлайн бірнеше минутта несие беретін ұйымдарды қатаң түрде қадағалау керек. Мәселен, жастарға бермеген жөн және мойнында басқа да алынған несиелері бар азаматтарға берілмеуі тиіс. Осыңдай заңдар енгізілуі керек деп ойлаймын. Бір орталық мекемеде барлық дерек жиналуы керек. Меніңше, орталық деректер базасы деген жоқ сияқты. Өйткені, қазіргі жастар бір басына бес, он несиеден алып жатады”, – деді ол.  

Сонымен қоса экономист жастардың не се себепті несие алуға құмар екенін айтты. 

“Қазір жастардың қаржылық сауаттылығы аз. Екіншіден, үйден алған тәрбие де ықпал етеді. Біз нарық экономикасына 30 жыл бұрын ғана көштік. Кеңес үкіметі кезінде банктер, шағын несие беретін организациялар көп емес еді. Қазір халық біртіндеп несие алмауды үйреніп келе жатыр. Бұрын не нәрсе болмасын ала беретін еді”, – дейді экономист. 

Талқылау