"Алтын алма": Қазақстандықтар "Золотое Яблоко" дүкенінің атауын қазақ тіліне өзгертуді ұсынды

Қазақстандық әйел Threads желісінде жазба жариялап, косметика, иіссу, аксессуарлар мен үйге арналған тауарлар сататын “Золотое яблоко” дүкендер желісінің атауын қазақ тіліне аударуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жазба авторының айтуынша, шетелдерде “Золотое яблоко” дүкенінің атауы ағылшынша немесе сол елдің тілінде жазылады.
“Неліктен Қазақстанда бұл желі “ЗОЛОТОЕ ЯБЛОКО” деп аталады, ал басқа елдерде атауы ағылшын тілінде немесе сол елдердің ана тілінде жазылған?”, – деп жазды желі қолданушысы.
Фото: goldapple.ae
Жазба жазылған пікірлерде қазақстандықтар қыздың бастамасын қолдап, мемлекеттік тілді дамыту мен дәріптеудің маңызын атап өтті. Тіпті, кейбірі “Золотое яблоко” желісіне бойкот жариялауды ұсынды.
“Басқа елдерде өз тілін құрметтеп, бірінші орынға қояды, ал біз өз ана тілімізді бағаламаймыз – сондықтан шетелдіктер шарт қояды”, “Менің анам “ЗЯ”-ны әрдайым “Алтын алма” деп атайды. Неге телефонда жай ғана “Алма” деп жазбасқа?”, – делінген пікірлерде.
Желі қолданушыларының арасында бұл бастамаға қарсы шыққандар да бар. Олардың пірінше, танымал брендтің атауын өзгерту сәтсіз шешім болмақ.
“Тауар белгісі” немесе “бренд” деген ұғым бар, сондықтан телефонда “Алма” деп жаза салуға болмайды”, “Мен өзім олардан ештеңе сатып алған емеспін әрі мұндай тауарларға мұқтаж да емеспін, бірақ сатып алушылардың арасында “Зелёное яблоко” деген пакетпен жүретін қазақтар аз емес”, – деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, бұған дейін "Золотое Яблоко" дүкені қате қазақша аудармаға байланысты сынға қалған еді.
Қазақстандық ер адам Көк төбедегі қымбатшылыққа шағымданды: Саябақтың иесі кім және неліктен бағалар жоғары?
Парктің әкімшілік басшысы Фархат Уәлиев парк жұмысына қатысты сын негізсіз екенін айтады
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"