Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалады
2024 жылдың жетоқсан айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар желтоқсан айында жалпы 10 күн демалады.
2024 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні дүйсенбіге сәйкес келеді. Сондықтан аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15, 16 желтоқсан – демалыс.
Алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 14 желтоқсан күні жұмыс күні ретінде бекітілген.
30, 31 желтоқсан дүйсенбі және сейсенбіге сәйкес келгендіктен, қазақстандықтар айдың бұл күндері демалмайды.
Еске салсақ, осыған дейін 2025 жылы қазақстандықтарды Жаңа жыл мен Наурыз мерекелерінде ұзақ демалыс күтіп тұрғаны туралы жазғанбыз.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды